Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ҚАЖЫЛЫҚ ПЕН УМРАҒА ТЕҢ МАРАПАТ
01 қыркүйек, 2016 жыл 690 Басып шығару нұсқасы

Қоғамдық көлікте екі студент әңгімелесіп отыр. Сөздеріне еріксіз құлақ түруге тура келді...

  • Мамаң жатақханаға келу үшін алтындарын тағып алып, сәнденіп келгенба тойға келгендей?
  • Келеке етіп отырсың ба? Менің анам қайда жүрсе де әдемі болып, құлпырып жүруі тиіс.
  • Жай көшеге шыққаны үшін сәнденгені ұят екен.
  • Ренжіме әрине, сен қыста қымбат шуба киесің, пәтер жалдап тұрасың, оқуың ақылы. Соның бәрін ата-анаң көтеріп отыр. Бірақ, өздері жұпыны. Жүзінде қуаныш жоқ, қыс бойы ет, қаймағын арқалап келеді. Шаршап, шалдығып, сен оларды кейде кейіп тастайтының бар. Осы дұрыс па?
  • Ата-анам болған соң міндеті сол емес пе? Көпшілік ортаға барғанда әдемі болса болды, жай жүргенде сәннің не қажеті бар?
  • Сен көшеге шыққанда боянып, бар әдемі киіміңді киесің ғой, тойға барғанда ғана емес. Солай ма? Ал, менің анам әрқашанда құлыпырып, мақтауға лайық болып жүруі тиіс!

Осылай екі құрбының әңгімесі жалғаса берді...

Біз ата-анамызға лайықты құрмет көрсетіп келеміз бе? Өкініштісі, жастардың арасында әке-шеше қамқорлығын олардың міндеті деп түсінетіндер баршылық екен. Осындай кездерде асырап баққан ата-анаға деген құрмет пен қамқорлық ұмыт қала береді.

Бір сахаба Алла елшісінен (ﷺ): «Алла жолында қызмет еткім келеді. Бірақ ешнәрсе істей алмаймын», - деп сұрапты. Пайғамбар (ﷺ) одан: «Сенің ата-анаң тірі ма?» - деп сұрайды. Ол: «Анам тірі». Сонда Алла елшісі (ﷺ): «Онда анаңа құрметіңді ешқашан тоқтатпа. Оның разылығын алатындай амалдар істе. Осылай істесең, сен үлкен қажылық жасағандай сауап аласың немесе умра қажылығындай сауапқа кенелесің. Сенің анаңа еткен сый-құрметің Алла жолында құрбан болған шахидтердің дәрежесіндей үлкен болмақ. Анаңа қызмет ет, оның разылығын ал және тура жолда бол!», - деп жол көрсетті (1).

Алланың мейірімінің шексіздігін байқатар осы хадис, әркімге сабақ болар-ақ. Алла тағала құлдарына үлкен сауапқа кенелуге керемет мүмкіндіктер беріп қойған. Сол себепті пенде ата-анасы тірі кезінде осы мүмкіндікті пайдаланып қалғаны абзал. Абдуллах ибн Аббас (р.а.) Алла елшісінің (ﷺ) келесі хадисін жеткізеді: «Егер кімде-кім ата-анасына мейіріммен күліп қараса, сол көзқарасының өзі «мабрур-қажылығын» өтегендей сауапқа кенеледі», - деген (2). Хадисте келген «мабрур-қажылық» сөзі пенденің дүниеге жаңадан келгендей пәк, күнәлардан тазарып қайтатын қабыл болған қажылығын айтады. Яғин, ата-анаға көрсетілген құрметті өз деңгейіне сай болып, Алланың алдында қабыл болған үлкен немесе умра қажылығына теңеп отыр. Осылайша, ата-анаға құрмет – пенденің күнәдан таза, көңілі ақ, жүрегі мейірім мен ізгілікке толы құлға айналуына себепкер етеді.

Ал, Сіз әке-шешеңізге қамқорлық жасап, мейіріммен қарап, күнде қуаныш сыйлап, құрмет тұтып жүрсіз бе?

 

1. Әбу Яла әл-Муснад, ат-Табарани

2. Әл-Мунауи. Файзуль-Кадир

 

Түкетаев Ардақ Әділханұлы

Ақтоғай  аудандық орталық мешіттің бас имамы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары