Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қолды аспанға көтеріп дұға ету
28 желтоқсан, 2015 жыл 25 Басып шығару нұсқасы

Алладан дұға еткенде қолды аспанға көтеріп сұрауда үлкен мән бар. Өйткені, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әрдайым екі қолын жайып дұға еткен. Жалпы бізге жеткен сахих хадистерге сүйенсек дұға етерде қолды көтерудің үш түрі бар.


1. Қолды кеуденің тұсында ұстап тұрып дұға ету. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дұға етерде екі қолын кеудесінің тұсында ұстаған. Арафа тауында тұрып дұға еткен кезде де Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қолы кеуде тұсында болған. Бет-жүзіне жақындатып немесе аспанға қатты созып әлде қолын кеудесіне өте жақын немесе қатты алыс ұстап тұрмаған.


2. Адам шалдыққан дертіне шипа тілеп немесе Алладан жаңбыр сұрағанда қолды аспанға көтеру. Осындай жағдайда қолды қолтығы көрінгенше барынша жоғары көтеріп дұға етіледі деген хадис жеткен. (Муслим).


3. Уағыз айтушы имам мінберде тұрып, Алладан дұға еткенде қолын аспанға көтеруіне болады. Ескере кететін жағдай, мінберде тұрған имам адамдарға қарап тұрып, Алладан дұға етер болса онда ол қолын аспанға қатты созбағаны абзал. Адамдарға жүзін қаратып тұрып, жамағатпен бірге қолды көтеруге болатын жайт мына хадис негізінде ғана жүзеге асуына болады. Анас ибн Мәліктің (оған Алла разы болсын) риуаят етуі бойынша: «Жұма күні Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) уағыз айтып тұрғанда мінберге қарама-қарсы есіктен бір кісі кіріп келді. Ол отырмастан Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) алдына барып: «О, Алланың Елшісі, біздің жайылымдағы малымыз шөлге шыдамай өліп жатыр, Біз алға жылжи алмай қалдық. Біз үшін Алладан жауын тілеші» деп өтініш білдірді. Сонда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қолын барынша жоғары (аспанға) көтеріп: «О, Алла, бізге жауын жібер, о Алла, бізге жауын жібер, о Алла, бізге жауын жібер!» деп дұға етті. (Бұхари, Муслим).


Кәусар Сабыр


Ақтоғай ауданы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары