Тілдік нұсқа
Радио

мақала

УАХШИЙ ҚАЛАЙ МҰСЫЛМАН БОЛДЫ?
12 қараша, 2020 жыл 501 Басып шығару нұсқасы

Сахаба Ибн Аббас р.а. риуаят етеді: «Пайғамбарымыздың ﷺ немере ағасын өлтірген Уахший, Пайғамбарымызға ﷺ Меккеден хат жазады. Онда: «Мен мұсылман болуды қалаймын, бірақ Сізге түскен мына аяттар мені мұсылман болудан қайтарып жатыр:  «Олар Алламен бірге басқа тәңірге жалбарынбайды. Алла өлтірілуін арам еткен кісіні орынсыз өлтірмейді де зина қылмайды. Кімде-кім оларды істесе, күнәға жолығады» («Фурқан» сүресі, 68-аят). Мен осы аятта айтылған барлық шарттарды істегенмін, мен тәубе етсем болады ма?», - делінген. Осы оқиғадан кейін Пайғамбарымызға ﷺ мына аят түседі: «Бірақ кімде-кім тәубе қылса, сондай-ақ кім иман келтіріп, ізгі іс істесе, міне Алла олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады» («Фурқан» сүресі, 70-аят) .  Пайғамбарымыз ﷺ осы аятты Уахшийға жазды. Уахший болса: «Әлбетте бұл аятта шарт бар екен. Бұл шарт – ізгі  амалдар. Білмеймін, ізгі амалдар істеуге шамам жете ме, жоқ па?», - деп жазды. Сосын Алланың мына аяты түсті: «Алла (Т.) өзіне ортақ қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды» («Ниса» сүресі, 48-аят).  Пайғамбарымыз ﷺ осы аятты Уахшийға жазды. Уахший болса: «Әлбетте бұл аятта тағы бір шарт бар екен. Білмеймін, Алла Тағала менің күнәларымды кешірді ме, жоқ па?», - деп жауап жазды. Кейін Алла Тағала «Зумар» сүресінің 53-аятын түсірді: «(Мұхаммед Ғ.С.): «Әй өздеріне зиян қылған құлдарым! Алланың рахметінен күдер үзбеңдер. Алла біртұтас күнәларды жарылқайды. Өйткені, Ол тым жарылқаушы, төтенше мейірімді»  де». Осы аятты Пайғамбарымыз ﷺ тағы да Уахшийға жазды. Уахший бұл хаттағы аяттан шартты таппаған соң Мәдинаға келіп, дінді қабылдап, мұсылман болды.

Тура жолды таңдау, Аллаға құлышылық ету адамзаттың парызы. Пайғамбарымыз ﷺ амалын аяттармен негіз еткен осындай сахабалар өткен. Барлық амалдар сауапты іс болып, бақытқа мәңгі кенелу үшін Құдыретті Аллаға бойұысынып, бірлік пен татулықты ту етуіміз қажет.  

                                                                      

 

Балқаш қалалық орталық мешіті

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары