Тілдік нұсқа
Радио

мақала

АЛЛАНЫ СҮЙГІЗІП, ЖӘННАТПЕН СҮЙІНШІЛЕТКЕН СҮРЕ
16 қараша, 2020 жыл 1130 Басып шығару нұсқасы

Айша анамыздан (р.а.) жеткен хадис:  

Пайғамбарымыз бір адамды қолбасшы етіп, әскерімен бір соғысқа жіберген еді. Бұл қолбасшы әскеріне имам болып, әр намаз оқытқанында екінші рәкәғатта Ықылас сүресін оқуды әдетке айналдырған. Соғыстан қайтқанда оның бұл әдетін Пайғамбарымызға жеткізеді. Алланың елшісі :

– Оның не себепті бұлай істейтінін сұраңдар, көрейік! – дейді. Әлгілер де одан бұл әдетінің себебін сұрайды. Ол да:

– Ықылас сүресінде Рахман болған Алланың сипаттары айтылады. Осы себептен де Ықылас сүресін оқуды сүйемін, – деп жауап береді. Оның бұл жауабына Пайғамбарымыз :

– Алла Тағаланың оны да сүйетінін оған сүйіншілеңдер, – дейді (Бұхари, Мүслим, Нәсаи).

Әбу Хурайрадан (р.а.) жеткен хадис:

Пайғамбарымызбен бірге келе жатқан едім. Бір кезде Пайғамбарымыз «Қул һуАллаһу әхад» сүресін (Ықылас сүресі) оқыған бір дауыс естіді де «Парыз болды!» деді. Мен:

– Не парыз болды, уа Алланың Елшісі ? – деп сұрадым. Пайғамбарымыз :

– Жәннат! – деп жауап берді. Пайғамбарымыздың бұл жауабын естіп, әлгі Ықылас сүресін оқыған адамға барып сүйінші сұрағым келді. Алайда Алланың Елшісімен бірге тамақтану мүмкіндігімді қашырып аламын ба деп қорықтым. Сөйттім де Пайғамбарымызбен бірге тамақтануды артық көрдім. Тамақтанып болған соң, әлгі адамды іздедім, бірақ орнынан таба алмадым, кетіп қалыпты.

Әбу Саид әл Һудриден жеткен хадис:
Бір адамның «Қул һуАллаһу әхад» сүресін қайта-қайта оқығанын көрдім. Ертесі күні мұны дереу Пайғамбарымызға жеткіздім. Өйткені, әлгі адам оқығанын азсынғандай көрінді. Бұған Пайғамбарымыз  :

– Жаным қуаты мен билігінде болған Алланың атымен ант етемін, бұл сүре сауабы жөнінен Құранның үштен біріне тең! – деді.

ЫҚЫЛАС СҮРЕСІ:

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

قُلْ هُوَ اللَّهُ أَحَدٌ ﴿١﴾ اللَّهُ الصَّمَدُ ﴿٢﴾ لَمْ يَلِدْ وَلَمْ يُولَدْ﴿٣﴾ وَلَمْ يَكُن لَّهُ كُفُوًا أَحَدٌ ﴿٤﴾

Мағынасы:

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Расулім айт оларға: Ол Алла – жалғыз. Алла – мұңсыз. Әр нәрсе оған мұқтаж. Ол – тумады да, туылмады. Әрі оған ешкім тең емес.

Транскрипциясы:

Бисмилләһир Рахманир Рахиим

Қул һууаллаһу әхәд (1). Аллаһус самәд (2). Ләм йәлид уәләм йууләд (3). Уәләм йәкул ләһу куфууән әхәд (4).

 

Салтан САЙРАНҰЛЫ

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары