Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫ СҮЙЕТІНДЕРДЕН МЫНА ҚАСИЕТТЕР ТАБЫЛУ КЕРЕК...
30 желтоқсан, 2021 жыл 976 Басып шығару нұсқасы

Сүйген адам сүйікті жанымен бірге болғысы, оған ұқсағысы келеді. Махаббаттағы жақындықтың өлшемі – осы. Сол себепті Алла елшісін сүйетіндігін айтатын адамдарда мына белгілер табылу керек:

  1. Оған еру, Оның сүннетін орындау, сөз бен іс-әрекеттеріне тәуелді болу. Оның әдептерінен тәрбие алу және мінез-құлықтарымен сусындау.
  2. Оның әмірлерін өз қалауларынан жоғары ұстау. Осы жайында Алла Тағала бұйырды:
  3. Оның сүйген адамдарын, жанұясы мен тегінен тарағандарды және күтуші мен көшпенділерден құралған асхаптарын (сахабаларын) сүю – оларға іштерінен қастандық ойлағандарға қастық ойлау. Себебі, біреуді сүйген адам оның сүйгендерін де сүйеді.
  4. Ол әкелген Құран мен үкімдерін сүю.
  5. Оның үмметіне мейірбандық таныту.
  6. Оны сүйетінін айтқан адам дүниеқұмар болмауы керек. Кедейшілікке де разы болу керек. Алла Расулы өзін сүйгенін айтқан адамның бәріне: «Олай болса, кедеййшілікке дайын бол» (Термези, Зүһд, 23/51), – деген болатын.
  7. Оған қауышудың іңкәр сезімімен күн кешу. Өйткені, сүйген адам сүйгеніне қауышқысы жәе оған жақын болғысы келеді.
  8. Оны көп еске алу, ұмытпау, құрметпен салауат айып сәлем беру. Оны сүюдің жолы Оны еске алып, салауат пен сәлем айтудан өтеді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары