Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ҰРЫҚТАНДЫРУ КҮНӘ МА?
08 шілде, 2016 жыл 4320 Басып шығару нұсқасы

2010 жылғы статистикалық деректерге сүйенсек, еліміздегі сәби сүйе алмай отырған  150 мыңға жуық ерлі-зайыптының 6,5 мыңға жуығы — жатырдан тыс ұрықтандыруды (ЭКО) қажет ететіндер. Бұл дерек бүгінге дейін артпаса төмендемеген болар. Қазір ЭКО (экстракорпоралды ұрықтандыру) жайлы білмейтін жан жоқ шығар. Әркімнің аз да болса естіп-білгені бар. Әйелді жасанды жолмен ұрықтандыру исламда қаншалықты дұрыс? Бұл күнә ма? Шариғатқа сай келе ме? Міне, бізді алаңдатқан осы нәрсе. Жан қиналғанда, нәрестенің жұпар иісін сағынғанда оның байыбына барып жатпауымыз да мүмкін. Алайда әр нәрсенің оң-терісін алыдмен діннен іздеген абзал.

Жасанды жолмен бала көтеруде әйелге тек өзінің некелі жарының ғана ұрығын салуға рұқсат. Ерінің ұрығы жарамсыз болып басқа біреудің ұрығын салу – әлбетте дұрыс емес. Бұл жасанды жолмен болса да құпталмайды.

Сол сияқты ер адамдар да өз әйелдерінің қажеттілігі үшін ғана ұрығын өткізе алады. Басқа әйелдер бала көтерсін деген мақсатпен өткізуге болмайды. Бұдан өмірге ата-тегін білмейтін, әкесінің кім екені белгісіз тексіз бала дүниеге келеді. Осындай белгіcіз жағдайда бала көтеруден түрлі жұқпалы аурулар да тарауы әбден мүмкін. Одан сорақысы арада неке болмағаннан кейін, бұл зинаға әкеліп соғады. Сондықтан да ұрықты өткізген де, оны қолданған да бірдей жауапқа тартылады.

Қорыта айтатын болсақ, Алланың қалауымен, табиғи жолмен бала көтеруден артық еш нәрсе жоқ. Бірақ, кейбір жандарға баланы бірден бере салмайды. Алайда бұл Алланың мейірімінен үміт үзу деген сөз емес. Алла Тағала құлдарының қолын қайтармайды. Құран Кәрімнің мына аяты сөзімізге дәлел: (Мұхаммед Ғ.С.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді» (Бақара сүресі, 186 аят). Адамзаттың ардақстысы Пайғамбарымыз да (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендердің Раббыларың – Ұялшақ және Жомарт. Ол өзіне қол жайып сұраған құлының қолын бос қайтаруға ұялады» деген болатын (Әбу Дәуд, Тирмизи).

Сондықтан да өмірдің мәні де сәні де болған бала бақытын сезінуді адамнан емес, алдымен Алладан сұраған жөн. Қазақта  «Адамнан сұрағанның екі көзі шығады, Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады» деген сөз де бар. Дұрысы Аллаға мәлім!

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары