Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ШӘУУӘЛДЕГІ НӘПІЛ ОРАЗАНЫ ЖҰМА КҮНІ ҰСТАУҒА БОЛА МА?
07 шілде, 2016 жыл 21503 Басып шығару нұсқасы

Пайғамбарымыз (ﷺ): «Сендерден ешкім тек жұма күні ораза ұстамасын, бірақ одан кейін бір күн немесе оған дейін бір күн қосып ұстайтын болса, ол басқа»[Бұхари], - деген. Дегенмен, жұма күніне дейін ауыз бекітіп жүрген болса, онда жұма күні тоқтатып қоймай, оразасын жалғастыруға болады. Әдетке айналдырып, бір күні ораза бір күні ауыз ашық болып жүрген кісінің ауыз бекітер күні жұмаға сәйкес келсе, онда ораза ұстауына болады. Бірақ, жұма күні ғана ораза ұстаудың дұрыстығы жайлы хадистер жетпеген. Бұл жайында ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) тағы бір хадисінде былай дейді: «Жұма түнін өзге түннен ерекше етіп, ғибадатпен өткізбеңдер. Және жұманың күндізінде өзге күндерден еркеше етіп, ораза ұстамаңдар. Бірақ, егер ол ұстап жүрген оразасы болса (әдетке айналдырған), онда рұқсат» (Муслим). Яғни, ораза ұстауды әдетке айналдырған күндерінің бірі Жұмаға сәйкес келіп қалған жағдайда, оны оразамен өткізуі мәкрүх емес.

Рамазан айының қарызын өтеушілер және Шәууәл айында қосымша алты күн ауыз бекіткісі келгендер жұма күніне дейін ауыз бекітіп бастаған болса, онда оразасын үзбей жалғастыруына болады. Ал, айт мерекесін үш күн тойлатып болып, ауыз бекітуді ниет етсе, жұма күнінен бастап оразасын бастауына болады. Бірақ, хадиске сүйеніп, сенбі күні де қосымша ауыз бекітілуі тиіс. Өйткені, «Сендерден ешкім тек жұма күні ораза ұстамасын, бірақ одан кейін бір күн немесе оған дейін бір күн қосып ұстайтын болса, ол басқа» деген хадиске сай, егер әлдекім жұмаға қосып, бейсенбі немесе сенбі күні ораза ұстамастан, тек жұма күні өз еркімен (нәпіл) ораза ұстаса – ол мәкрүх (мәкрүх танзихан) болып табылады. Ал, тек жұма күні ораза ұстаудың үкімі – жеңіл мәкрүһ.

 

Айтқазин Рауан Төлеубекұлы

Балқаш қалалық орталық мешітінің наиб имамы

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары