Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Зауал
01 қазан, 2015 жыл 403 Басып шығару нұсқасы

Бір жыныстық қатынас – азғындықтың белгісі. Өкінішке қарай мұндай қатынасқа қанша тыйым салынса да, қандай қауіп-қатерге әкеліп жатса да, азғындаған қоғамның ісі екені қанша айтылса да бұл жағдай әлемде белең алып отыр. Бір жыныстық қатынасқа заңмен рұқсат беретін, қалыпты құбылыс қабылдайтын батыстың бұл әдеті шығыс елдеріне де ене бастады. Оның ішінде Қазақстан да бар. Бейресми деректерде еліміздің ірі қалаларында бір жыныстық қатынасқа бейім адамдарға арналған кемі бір орталықтан бар көрінеді. Бұл оқтын-оқтын айтылып та, жазылып та жүр. Осыдан екі жыл бұрын Қарағанды да Кристина мен Каролина есімді екі қыздың некелесу тойы өткен-ді. Бұл жағдайды батыс баспасөзі «Қазақстандағы бір жыныстылардың тұңғыш тойы»- деп жапа-тармағай шулап жазған болатын. Өкінішті, сорақы да емес. Бұл қазақ қоғамына еніп келе жатқан қасірет.


Еркектің еркекке, әйелдің әйелге қызығушылығы неден туындайтыны дүйім жұртқа беймәлім. Бір анығы шайтанның ісі. Бір жыныстық қатынасқа Қасиетті Құран мен Пайғамбар сүннетінде тыйым салынған. Бұл Алла мейірімінен алыстатын лағнеттелген іс.


Заңды некедегі ер мен әйелдің арасындағы жыныстық қатынастан басқасының бәрі харам. Сондықтан бір жыныстық қатынас та харам.


Бір жыныстық қатынас Лұт Пайғамбардың қауымында болған. Лұт Пайғамбардың қауымының жазаланғаны туралы Құранда: «Біз белгілеген уақыт жеткенде олардың мекенін төңкеріп, Жаратушының қалауымен сел жібердік. Және осындай (зауалды сел) бұзақылардың да басына (жыныстық қатынаста тыйым салынғандарды жасаушыларға) түседі»-делінген. («Худ» сүресі, 11 / 82—83).


Сондай-ақ Лұт қауымы туралы «Худ», 11 / 77-83, «әл-Хиджр», 15 / 67-77, «әл-Анбия», 21 / 74-75, «аш-Шуара», 26 / 165-174, «әл-Анкабут», 29 / 23-35, «әл-Камар», 54/33-39, «әз-Зарият», 51 / 32-37 сүрелерінде де айтылған. Аталған аяттардың бәрі бір жыныстық қатынастың Мұхаммед Пайғамбардың үмбеті үшін де харам екенін білдіреді.


Бірде Айша анамыз Пайғамбардың қатты қапраланған түрін көріп, не жағдай болғанын сұрайды. Сонда Алла елшісі: «Мен үмбетімнің Лұт Пайғамбардың қауымы жасаған істі істеуінен қорқамын»-деген екен. (Ад-Дурруль-Мансур, 3/101; Ат-Таргиб, 3/287).


Алла елшісі: «Бір жыныстық қатынас таралғанда, Алла Тағала қызтекелер мен мұны қалыпты жайт деп қабылдайтын қауымды қорғауын қояды... олардың ақыры қандай болатыны маңызды емес»-деген (Ат-Таргиб, 4/65).


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары