Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ОРАЗА АЙТТЫ ДҰРЫС ӨТКІЗГІҢІЗ КЕЛСЕ...
04 шілде, 2016 жыл 826 Басып шығару нұсқасы

5-шілде – Ораза айт мерекесі. Айт – рухани сезімдерді жандандыратын, бауырмалдық пен достықты арттыра түсетін, адам жанына жылылық сыйлайтын ұлық мейрам. Мерекені қалай дұрыс өткізуге болады, және айт намазына дейін қандай амалдарды жасап үлгеруіміз қажет?

Айт намазының алдында мыналарды істегеніңіз абзал:

Ораза айт алдымен мешіттен бастау алады. Күллі мұсылман таң атысымен Алланың үйіне қарай ағылып, алдымен құлшылық жасайды. Мешітке бармас бұрын нені ескерген жөн? Пайғамбарымыздың  (ﷺ) көрсетіп кеткен төмендегідей амалдарын істеу сүннет болады:

  1. Ғұсыл алу. Жуынғанда дененің барлық бөлшектеріне су баруын қадағалау керек. Ауыз қуысы мен мұрынды да шаюды ұмытаңыз.
  2. Мисуак қолдану. Мисуак болмаған жағдайда тіс пастасы, щеткасын да қолдансаңыз құба-құп. Бастысы – ауыз қуысының тазалығы мен жағымсыз иістен арылу. Алайда Пайғамбарымыздың  (ﷺ) әрдайым қолданған мисуактың пайдасы ұшан теңіз. Мұны да ұмытпағайсыз.
  3. Жақсылық жасау. Біреуге қол ұшын созу.
  4. Ең тәуір әрі таза киім кию. Киіміңіз жаңа не болмаса таза болғаны дұрыс.
  5. Намазға ерте бару. Қолыңыздан келгенше Құран тыңдап, дін өкілдерінің уағызын естуге үлгеріңіз. Кейін айт намаызын оқып хұтба тыңдаңыз.
  6. Мешітке бармай тұрып, үйден тәтті-дәмнен жеп шығу. Алла елшісі жасағандай тақ сан болатындай 1-немесе 3 құрма жеу.
  7. Мешітке барар жолда тәкбір айту. «Алла ұлық» деп Раббымызға мадақтар айтқан жөн.

МЕРЕКЕНІ ҮЙДЕ ҚАЛАЙ ТОЙЛАҒАН ДҰРЫС

Ораза айт туған-туыс арасын жақындатып, бауырмалдықты арттыранын күн болғандықтан үй ішінде мерекенің иісі сезілу керек. Бұл күні әдемі дастархан жайып, тәтті-дәмдер пісіріп, үйге қонақ шақырған дұрыс. Бір-бірлеріңізге мерекелік сыйлықтар жасау да құптарлық іс. Әсіресе, балаларды әдемі сыйлықтармен қуантқан абзал. Балаға кішкене кезінен діни жоралғылар мен айтулы мерекелер жайлы түсіндіріп отыру, көтеріңкі көңіл күй сыйлау – тәрбиенің бастауы.  

Құрметті мұсылман бауырлар,  Ораза айт құтты болсын!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары