Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ПІТІР САДАҚАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
30 маусым, 2016 жыл 1041 Басып шығару нұсқасы

Пітір садақасы уәжіп болған садақа түрі, Ораза айт мейрамына дейін берілуі тиіс.  АЛЛА ЕЛШІСІ былай деген: «Пітір садақасы төленбегенше ораза көк пен жердің арасында ілулі тұрады». ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ пітір садақаны пайдасыз әңгіме мен сөз таластардан тазартушы ретінде әрі мұқтаждарға ас ретінде таратқан. (Әбу Дауд ) Пітір садақасы барша адамға уәжіп және оны келесі адамдарға Ораза айтқа дейін төлеу міндет:

1. Ораза Айт күнінің таңына дейін аман болған адам.

2. Зекет төлеуі уәжіп болған адам немесе өзінің қажеттілігінен артық, Зекет төлеуге жататын қарыздан таза мүлкі бар адам.

3. Кішкентай балалары атынан әкесі төлейді.

Есте сақтайтын жағдайлар:

1. Пітір садақасы кедей және мұқтаж мұсылмандар арасында Айт намазына дейін таратылуы керек. Алайда, неғұрлым ертерек төленсе, соғұрлым жақсы болады.

2. Пітір садақаны алдымен мұқтаж туыстарыңа, кейін мұқтаж көршілеріне, тек содан соң мұқтаж мұсылмандарға берілгені жөн.

3. Пітір садақаның көлемі қандай? Пітір садақаның көлемі 1,633 кг бидай немесе 3,266 кг сұлы немесе соның құнындағы ақшамен өлшенеді.

ҚМДБ Қазақстан үшін пітір садақа көлемін 200 теңге деп бекітті.

(с) Ұстаз Айбек Омар

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары