«Маған ешбір пайғамбарға берілмеген бес нәрсе берілген. Олар:
- Бір айлық жолдағы дұшпанымның жүрегіне үрей (қорқыныш) салып, жеңіске қол жеткізу.
- Бүкіл жер беті маған мешіт қылынды. Топырақ та тәйәмумге бола тазартылды. Сондықтан үмметімнің кез-келген бірі намаз уақыты жетсе, дереу сол жерде намазын оқи берсін.
- Менен бұрын ешбір пайғамбар мен үмметіне халал етілмеген олжа маған және менің үмметіме халал етілді.
- Менен бұрынғылар тек бір қауым мен тайпаға ғана пайғамбар ретінде жіберілсе, мен бүкіл адамзат атаулысына пайғамбар ретінде жіберілдім.
- Маған дәнекерлік жауапкершілігі берілді.
Осы соңғысының мағынасын тура ашып беретін басқа бір хадисте былай делінген:
«Әр пайғамбардың, сөзсіз, қабыл болатын ғажайып, керемет бір дұғасы бар. Мен бұл дұғамды, иншааллаһ, махшар күні үмметім үшін кешірім дәнекерлігіне сақтаймын» (Дәріми, Рәқаиқ, 85; Мүслим, Фәзәил,2).
Пікірлер