Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Үлкен күнәлар
24 қараша, 2015 жыл 19 Басып шығару нұсқасы

Шаңның тозаңындай күнә жасасақ та Алла алдында жауап береміз. Кейбірі «адам өлтіру» , «жәбірлік көрсету», «зина жасау» сияқты үлкен күнәларға барғаным жоқ қой. Алла алдында арым таза деп міз бақпай отыра береді. Ал негізінде үлкен күнәлардың қатары біз ойлағаннан да көп:


1. Бір Алланың күшіне басқаны ортақ ету.


2. Шариғаттағы себепке байланысты болмастан адам өлтіру.


3. Шарап ішу.


4. Зина жасау.


5. Луиата ету (еркек пен еркектің жыныстық қатынасқа түсуі)


6. Намысы және шарапатымен танымал болған еркектер мен әйелдерге зина жаласын жабу.


7. Әке-шешесіне сөзде немесе істерде қарсы келу.


8. Қорғалуы керек болған, тапсырылған жетімнің дүние-мүлкінен хақысыз жеу.


9. Әдейі, біле тұра рамазан айында таң атқанда жеп-ішу.


10. Туысқандармен қарым-қатынасты үзу.


11. Өсімнен келген пайданы жеу.


12. Жалған куәлік ету.


13. Жаман мағынада, жаман істер үшін ант беру.


14. Халықтың дүние-мүлкін жеу.


15. Таразыдан жеу.


16. Хақысы болмай тұрып бір мұсылманды ұру.


17. Парыз болған уақытта намазды мезгілінен бұрын оқу.


18. Пайғамбарымызды (с.ғ.с) балағаттау


19. Параалушылық, парақорлық.


20. Бір кісінің өз-өзін өлтіруі.


21. Дуа, сиқыр істеріне жүгіру.


22. Зекет берілуіне бөгет болу


23. Ілім иелеріне тілмен қақтығысу.


24. Тірі жануарды немесе адамды отқа тастау.


25. Себепсіз жерде бір әйелдің күйеуінің шариғат қалауларына қарсы келу.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары