Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ЫСҚАҚ МОЛДА АТАЛЫҚ ҰЛЫ
23 маусым, 2016 жыл 1007 Басып шығару нұсқасы

 Ысқақ Аталық ұғлы 1883 жылы Семипалат уәләйәті Қарақарал уезі Шет Қарасты Мойынты болысы  №4 ауылда дүниеге келген. Руы Қаракесек Би Ата еліндегі Кәрсөннің үш атасы Қозыбақ руынан Бөлеген деген атадан: Айжан, Әйнебек, Аталық туады. Аталық Кәлпенің ілімде әулиелікте дәрежесі өте жоғары болған. Ресей қазақты шоқындыруды қолға алғанда, сол саясатқа қарсы елдің көзі ашық азаматтарының басын қосып, елінің дінін сақтап қалуға көп күш салған адам.

Аталық кәлпе 1832 жылы туып, 1895 жылы 63 Пайғамбар жасында қайтыс болған, бейіті Шуда Шағырлы деген жерде. Өзінен кейін үлкен ұлы Адамбекте сол жерде әкесінің қасына жерленеді. Аталық кәлпе үш әйел алады. 10 ұлының қыздарынан басқа екеуінен ғана тұқым бар. Ысқақ молда кәлпенің екінші ұлы, бұл кісі 14 жасында Қоянды жәрмеңкесіне барған жерінен саудагер өзбектерге жалданып керуенмен бірге Ташкент шаһарындағы медресеге түсіп, одан әрі Бұһара асып, әйгілі Көкелташ медресесін бітіріп, елге қайтады. Өзінің куәлігінде ұстаздары Фараб ғалымдары шәкірттерінің қолтаңбасы мен сенім хаты болған. Бұхар шәрифте отызға тарта Фараб (Отырар) ғалымдарының ілімдері сақталған. Сегіз Ата Кәрсөн елі Шалтас деген жерде мешіт салдырып, бұл кісіні Молда етіп тағайындаған. Молданың қолында Бұхарадан,Қазаннан, Мысырдан,Бағдатта басылған құнды кітаптар өте көп болған.  

         Әуелі Араб әліпбиі арқылы хат танытып (жазу, сызу) оның өзі ескі методика бір жылдай өте қатаң түрде оқытылған. Әрбір азамат баласын молдаға тапсырып тұрып: «Молдеке, бұл баламның еті сіздікі, сүйегі менікі»,- дейді екен, яғни өліп кетсе құнын дауламаймын дейді. Әкем айтушы еді: «Молданың алдында дірілдеп тұрдық. Тәртіп бұзған шәкіртке:     - Әкел алдыма найсабты, -деп әмір беріп, дүре соғатын»,-дейді.

Екінші қираят ілімін және иман шарт әптек тәфсірінен бастап, Мұқтасар уиқоя (қырық тоғыз кітаптың баяны) сенімде Абдул Мансур Матрудияның Китабут Таухид кітабы болды деді. Үшінші: Қисса түріндегі кітаптар: Назым сияр Шариф («Алты бармақ»), Шәді Төре Жәңгірұлының кітабы. Пайғамбарымыздың (с.а.у)  туғаннан өлгенге дейінгі өмір тарихы Ұлы Сира Ар Расул Алла. Ибн Исқақ (704-767), Ибн Һишам (834-...) ғалымдардың  кітабынан алған және діни қиссаларЖүсіпбек Қожа Шейхисламның «Зархум», «Кербала», «Баба  Ғомар», Шәдінің «Дәурушнама», «Тотынама», «Шахнама», «Бес бәйіт», «Үш соқыр», «Мың бір түн», өлеңмен бәйіт түріндегі жыр, Жұмжұма, «Дәриға қыз» секілді көптеген қиссалар әкейдің қолында болды және «Қисса Әнбия Рубғази»  қазақтар «Қиссасул Әнбия» дейді. Бұл кітапта Алтын Орда патшалығы кезінде Жәнібек ханның тұсында Рубғази деген ғалымның Адам атадан бері бүкіл Пайғамбарлардың шежіресі мен өмір тарихы исламды дағуат ету жолындағы амалдарымен мұғжизалары, көрген қиыншылықтары баяндалады. Сол уақытта «Қауым арасындағы бидғаттар» деген кітап болған яғни теріс ағымнан, дүмшелерден елді сақтандырып отырған. Кейінгі кезде үкімет қыспаққа ала бастаған кезде молда айтыпты Бидай, Базар, Мүкей деген кісіге: - Әй, Мүкей жанұям бір төбе болса, кітаптарыда бір төбе, мына белсенділер жанымды қоятын түрі жоқ,осыған бір көмек берсейші дейді. Ел ішінде ел көшкенде жұрт тең-тең жүк артса, молда әбдіре-әбдіре кітаптарын артып, Шалтастың бір сайына апарып жасырады. Кейінде Сары ұлы  Шәлкей деген әкеміз Шалтаста кітап тыққан аузында есігі бар үңгірді тапқан. Ішінен төс қалтаға салып жүретін кішкене құранды алған да кейін іздеп барғанда үңгірді таппай қалған. Құран қызы Әминада еді, біраз ұстап жүріп өзіне тапсырды. Бұл әңгімені Әминадан естідім. Молда үш жүздей бала тәрбиелеп, сапалы ілім берген. Менің әкем Тәңірбергеннің Орымбегі Шәдінің сиярын жатқа оқитын.Үш жүздің шежіресін тарататын. Шариғатты терең талдайтын. Мысалы, Имам Ағзам Әбу Ханифа Құран мен хадистегі 500 мыңдай хүкімдерді талдап, төрт мың пәтуа берді. Тасһил Баян  көне тәфсірлерді меңгерген деп отыратын. Ал Әл Фараби туралы Әбу Нәсір – Әбу Нәсір деп көп әңгіме айтатын, Әбу Нәсір туралы кітаптары болған. Неткен көп қазына жоғалып кеткен. Халықтың молдаға берілгендігі және сыйлайтындығы соншама зекетке берген малдары Шалтстың сайына сыймай кететін көрінеді. Қонысбай руы: Досмағамбет деген кісі мешіттің шаруашылығын басқарады екен. Малға ие бола алмадым деп молдаға шағымданады екен. Ғайып ілімдердің білгірі сопы-ғұламалардың меңгерген кітаптары болған. Мысалы, аспан ілімін зерттейтін «Ғилим Нужум», «Ғилим Хикмет», «Ғилим Фиқһ», «Ғилим Хисаб», «Ғилим химия», «Ғилим Симия», «Ғилим исм Ағзам», «Ғилим Ихфа», «исм Ағзам Тәхсир», «ДәлелХойрат», «Исм Ағзам», «Қанжил Құсайын», «Фәт» деген кітаптар болған. Ысқақ молдамен бірге оқыған Күмісбек Ханбатыр ұлының білімі өте жоғары болған.Ол кісінің күн жайлататын жайшылық ілімі болғаны туралы ел аузында көп көзі көрген әңгімелер бар.

         Бүкіл Руссия  мұсылмандарының діни басқару орталығы Уфа қаласының мүфтиі: 1925 жылы Қарқаралы шаһарында комиссия құрып, қазақ даласының барлық молдаларын жинап, шарият ілімін тексеріп, емтихан алған. Ысқақ молда Құранды қырағаттап оқып және тәпсірлеп зырылдап тұрған. Молданың іліміне риза болғаны сол Мүфти екеуі парсы тілінде біраз құпия сөйлескен екен. Ешкім түсінбепті. Сол емтиханда Бұхарада ұстазының сенім хатын көрсетеді. Бұл сенім хат туралы куәлігінің арабшасында жазылған. Куәлікте Қаз ССР Республикасының ең жоғарғы мешітіне имамдық етуге хақылы деп: Мүфтидің, қазының, секретардың, іс-басқарушының қолын қойып, мөр басқан. Екі дана бірі орысша, бірі  арабша куәлігі бар.

(Арабша куәліктің аудамасы)

 Семипалат уәләйаты Қарқаралы уезі Шет қарасты №4 ауылының бірінші мұсылмандарының Назмағ Муафиқ сайлауларына кураһ Қазақстан Жұмһирияты Ысқақ Аталық ұғлы 1925 илі 15 қазан Қарқаралы шаһарына барұрды хұзырында қыйылған емтиханда имам етіп орын мағлұмдады. Сенілім хат табылғандықтан діни назаратына үшбу 1925-инши 15 қазанда болған муафик Ысқақ Аталық ұлына Мәншүр берілді.

Семипалат уәләйаты, Қарқаралы уезі Шет қарасты Мойынты болысы мүхлисина имамлық мансабы тасдиқ қилинуб танылды.  7 фәсіл 8 (V) мәдәһсина муафиқ үшбу мәншүр берілді.Бәне ғил мәзкур Ысқақ Аталық өзини діни мәрби мүршидләркә мәнсәб әдеп үзіндә тутарға исләм дининдәгі сенилим қарарларына әтәғмәт әитәрге шариғ шәрифкә ихласлы қадам болурға һәм бу мәнсәбинің шарафатин сақлаған мәртдур өзиде башқалардан хурмат қулурға тиийшлур. Бу мәншур берілді  1342 -инши снәд хижри 17 қазан.

Миледи 1925-ши ил 17 қазан Уфа қаласы.

Куәлік берген адамдар:

Мүфти

Қазы

Сәктат

Сәркәтәбат

Жинақтаған: Орынбекұлы Қадыр қажы

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары