Тілдік нұсқа
Радио

мақала

«ӘР-РАЙЯН» ҚАҚПАСЫ КІМДЕРГЕ АШЫЛАДЫ?
26 ақпан, 2021 жыл 4022 Басып шығару нұсқасы

«Таңғажайып таңғы азан... Сəресі - бал, Рамазан!
Жəннат бақтан жанымның дəмесі бар, Рамазан!»,

– деп Қалқаман Сарин жырлағандай әркім Алланың үлкен сыйы –Жәннаттан үмітті. Рамазан  хадисте айтылғандай: «Рамазан келгенде Жәннаттың қақпалары ашылады, Тозақтың қақпалары жабылады және шайтандар шынжырларға бұғауланатын» (әл-Бухари 1899, Муслим 1079) қасиетті ай. Сауаптар еселеніп, жәннат қақпалары айқара ашылатын осынау айдың қадірін білгендер ауыз кебірсіп, шөлдің қысқанына қарамай Алла разылығы үшін ішіп-жемнен тыйылып, нәпсісіне құрсау салады. Алла Тағала да құлының құлшылығын әсте жауапсыз қалдырмайды.

Алла елшісі (ﷺ):

"Кім Алла жолында екі жұп затын жұмсаса, ол Жәннәт қақпаларынан: «Я, Алланың құлы! Бұл – игілік!», - деп шақырылады. Сондай-ақ кім намаз оқыған болса намаз қақпасы арқылы шақырылады. .... Ораза ұстаушылардан болған адам «Әр-Райян» қақпасы арқылы шақырылады...» (Бұхари, Муслим), – деп сүйіншелеген.

Иә, қиямет күні шөліркеп аузын тамақтан, ғайбат, өсек-өтіріктен тыйған жандарға Алла қаласа «әр-Райян» қақпасы айқара ашылып: «...(Сол күні:) «Ораза ұстаушылар қайда?» — деп айтылады, сонда олар алға шығады, және олардан басқа ол қақпадан ешкім өтпейді. Ал олар кіріп болған соң, ол қақпа жабылады да, одан басқа ешкім кірмейді» делінген. (әл-Бухари 1896, Муслим 1152). Алла Оразаларыңызды қабыл етіп, әр-Райяннан кіруді нәсіп етсін! Әмин!   

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары