Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Табыс кілті
19 қараша, 2015 жыл 46 Басып шығару нұсқасы

«Мәңгілік Аллаға үміт ет және Оны мадақта. Ол Өз құлдарының күнәларынан хабардар». («Фуркан» сүресі, 58-аят)


Аллаға құлшылық қылу және дұға жасау кез-келген істе табыстың кілті болмақ. Аллаға тәуекел етіп, үміт арту арқылы біз күш аламыз. Ешқандай үміт қалмаған кезде және күтпеген жерден Алла Тағала ғана жеңілдік бере алады. Себебі Алланың құдыреті шексіз. Міне осы аят біз ұстануымыз тиіс жолды көрсетеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) әрдайым Аллаға тәуекел ететін. Алла берген күшпен бастаған ісін соңына дейін жеткізіп, Ислам діні үшін күрес жүргізді. Нәтижесінде Алла Тағала оған уәде еткен жеңісін көрсетіп, адамдардың топ-тобымен Ислам дініне кіргенін көруді нәсіп етті. Құран біздің Алла Тағалаға тәуекел еткенімізді талап етеді. Тәуекел ету, үміт арту дегеніміз өзімізге жүктелгеннің бәрін кемшіліксіз орындап, қалғанын Аллаға тапсыру, үміт арту, тәуекел ету, қалауына бойұсыну дегенді білдіреді.


Аллаға тәуекел ету деген сөз барлық істі Алланың қалауына тапсырып, қол қусырып, қарап отыру дегенді білдірмейді. Не істесек те тиісінше жасап, бар күш-жігерімізді салып, сабыр қылып күтуді білдіреді. Яғни, бірінші ниетіміз, екінші жасаған ісіміз, үшінші үміт тұруы керек. Қол қусырып, барлық істі өз ағымына салып қойып, Аллаға құр тәуекел ету дұрыс болмайды. Адамның Алладан дүниелік істі ғана сұрап, сол мақсатта ғана үміт етуі де әсілі дұрыс емес. Ең маңыздысы Алламен арадағы байланысты үзбеу, құлшылықты қаза етпеу. Сонда ғана адамның үміті де, тәуекелі де абзал болмақ. Аятта: «Оны мадақта»-делінеді.


Алла елшісі Абдуллаһ ибн Аббасқа: «Мен сендерге бірқатар ережелерді үйретейін. Алла Тағаланың бұйырғандары мен тыйым салғандарын сақтауға тырыс, сонда Алла Тағала саған қамқорлық қылады. Алланың разылығын кез-келген істің алдына қой, сонда Алланы алдыңнан табасың. Бірдеңе қаласаң Алладан сұра. Егер көмек қажет болса Алладан сұра!...»-деген.


Міне осы уағыз біздің өз парызымызды орындап, тек Аллаға ғана үміт артып, Аллаға ғана тәуекел етуіміз керектігін айқын көрсетеді.


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары