Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ОРАЗА ТҰТУШЫҒА БЕРІЛГЕН 5 ҚАСИЕТ
11 маусым, 2016 жыл 1285 Басып шығару нұсқасы

Имам Ахмадтің Әбу Һурайрадан (р.а) жеткізген риуаятында Алланың Елшісі  () ораза тұтушының ерекше қасиеттері жайында былай дейді: 

«Менің үмбетіме рамазан айында бұдан бұрын ешбір үмбетке берілмеген бес түрлі қасиет берілді:

1. Ораза тұтушының аузының исі Алланың алдында хош иісті мисктен, сөзсіз, артық болады;

 

2. Ауыздарын ашқанша періштелер олар үшін Алладан истиғфар тілеп тұрады;

 

3. Алла Тағала рамазан айының әрбір күні жәннатын безендіріп оған: «Менің ізгі құлдарымның ауыртпалықтар мен тауқыметтерден тастап, саған кіретін күні жақын қалды», – дейді;

 

4. Бұл айда жындардың біразы шынжырланып, басқа айларда істейтін нәрселерін істей алмайды.

 

5. Ал соңғы түні болғанда олардың (мұсылмандардың) күнәлары кешіріледі».

 

Сахабалар: «Уа, Расулалла! Ол түн Қадір түні ме?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз  (): «Жоқ, жұмысшы да ісін толық бітірген соң өзінің сыйын алмаушы ма еді? Сол сияқты», – деген».

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары