Тілдік нұсқа
Радио

мақала

РАМАЗАНДА ЕҢ ҚАЖЕТТІ ДҰҒАЛАР
10 маусым, 2016 жыл 49288 Басып шығару нұсқасы

عَنْ عَبْدِ اللهِ بْنَ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى الله عَليْهِ وسَلَّمَ: «إِنَّ لِلصَّائِمِ عِنْدَ فِطْرِهِ لَدَعْوَةً مَا تُرَدُّ». رَوَاهُ ابْنُ مَاجَه.

 

Абдулла ибн Омардан (р.а) жеткен риуаятта Алла Елшісі (с.ғ.с): «Ораза тұтушының ауыз ашардағы дұғасы қабыл алынбай қалмайды», – деген.

 

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِي اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «ثَلاثَةٌ لا تُرَدُّ دَعْوَتُهُمْ الإِمَامُ الْعَادِلُ وَالصَّائِمُ حِينَ يُفْطِرُ وَدَعْوَةُ الْمَظْلُومِ». رَوَاهُ التِّرْمِذِيُّ.

 

Әбу Һурайрадан (р.а) жеткен риуаятта Алла Елшісі (с.ғ.с): «Үш адамның дұғасы қабыл болады: әділ имам, ораза тұтушының ауыз ашардағы дұғасы және нақақтан қиянат шеккен жанның дұғасы», – деген. Тирмизи риуаят еткен.

 

Рамазан айын алғаш көргенде

 

كَانَ النَّبِيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا رَأَى الْهِلاَلَ فِي رَمَضَانَ وَفِي غَيْرِهِ يَقُولُ‏:‏ «اَللَّهُمَّ أَهِلَّهُ عَلَيْنَا بِاليُمْنِ وَالإِيمَانِ وَالسَّلاَمَةِ وَالِإسْلاَمِ، رَبِّي وَرَبُّكَ اللهُ». ‏رَوَاهُ التِّرْمِذِيُّ وَأَحْمَدُ.

 

Пайғамбар (с.ғ.с) рамазан айында, басқа айларда жаңа туған айды көргенде: «Уа, Алла! Осы айды бізге берекелі әрі имани ай ет, саламатты әрі ислами ай ет! Менің де сенің де Раббың бір Алла!» – дейтін болған. Тирмизи, Ахмад риуаят еткен.

 

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا اسْتَهَلَّ شَهْرُ رَمَضَانَ اسْتَقْبَلَهُ بِوَجْهِهِ، ثُمَّ يَقُولُ: «اللَّهُمَّ أَهِلَّهُ عَلَيْنَا بِالأَمْنِ وَالِإيمَانِ، وَالسَّلاَمَةِ وَالإِسْلاَمِ، وَالْعَافِيَةِ الْمُجَلَّلَةِ، وَدِفَاعِ الأَسْقَامِ، وَالْعَوْنِ عَلَى الصَّلاَةِ وَالصِّيَامِ وَتِلَاوَةِ الْقُرْآنِ، اللَّهُمَّ سَلِّمْنَا لِرَمَضَانَ، وَسَلِّمْهُ لَنَا». رَوَاهُ ابْنُ حِبَّان، وَالطَّبرَانِيُّ.

 

Ибн Омардан (р.а) жеткен риуаятта Алланың Елшісі (с.ғ.с) рамазан айының туғанын көргенде оған жүзін бұрып: «Уа, Алла! Осы айды бізге қауіпсіз әрі имани, саламатты әрі ислами, түгел есендікті, аурулардан қорғанышты ет! Намазға, оразаға, Құран оқуға жәрдемші ет! Уа, Алла! Бізді рамазанға аман-сау ет әрі оны бізге саламатты ет»,– дейтін болған.

 

Рамазан оразасының ниеті

 

اَللَّهُمَّ إِنِّي نَوَيْتُ أَنْ أَصُومَ شَهْرَ رَمَضَانَ كَامِلاً لِوَجْهِكَ الْكَرِيمِ إِيمَاناً وَاحْتِسَاباً، اَللَّهُمَّ فَتَقَبَّلْهُ مِنِّي وَاغْفْرِ لِي فِيهِ وَباَرِكْ لِي فِيهِ

 

Мағынасы: «Уа, Алла! Мен осы рамазан айында Өзіңнің разылығың үшін имани әрі сауабынан үміт еткен түрде ораза тұтуға ниет еттім. Уа, Алла! Оразамды қабыл ал күнәларымды кешір әрі оразамның берекесін бер!»

 

Ауыз ашар дұғасы

 

اَللَّهُمَّ لَكَ صُمْتُ وَعَلَى رِزْقِكَ أَفْطَرْتُ، ذَهَبَ الظَّمَأُ وَابْتَلَّتِ الْعُرُوقُ وَثَبَتَ الْأَجْرُ إِنْ شَاءَ اللهُ

 

Мағынасы: «Уа, Алла! Сен үшін ораза тұттым әрі ырзығыңмен ауыз аштым. Шөл кетті, тамырлар суланды, иншалла, сауабы да жазылды».

 

اَلْحَمْدُ للهِ الَّذِي أَعَانَنِى فَصُمْتُ وَرَزَقَنِى فَأَفْطَرْتُ، اَللَّهُمَّ بَارِكْ لَنَا فِيمَا رَزَقْتَنَا وَقِنَا عَذَابَ النَّارِ

 

Мағынасы: «Аллаға мадақ, маған медет берді, ораза тұттым, ырзық берді аузымды аштым. Уа, Алла! Бізге берген ырзығыңның берекесін бер, тозақ азабынан сақтай гөр!»

 

Ауыз ашар жасаған кісіге тілек

 

أَفْطَرَ عِنْدَكُمُ الصَّائِمُونَ، وَأَكَلَ طَعَامَكُمُ الأَبْرَارُ وَصَلَّتْ عَلَيْكُمُ الْمَلاَئِكَةُ

 

Мағынасы: «Сіздерден ораза тұтушылар ауыз ашты, тағамдарыңызды ізгі құлдар жеді әрі сіздерге періштелер дұға қылды»

 

اَللَّهُمَّ أَطْعِمْ مَنْ أَطْعَمَنَا وَاسْقِ مَنْ سَقَانَا

 

Мағынасы: «Уа, Алла! Бізге тағам бергенге тағам бер, сусын бергенге сусын бер»

 

Тарауық намазының тәсбихы

 

سُبْحَانَ ذِي المُلْكِ وَالمَلَكُوتِ، سُبْحَانَ ذِي العِزَّةِ وَالعَظَمَةِ وَالقُدْرَةِ وَالكِبْريَاءِ وَالجَبَرُوتِ، سُبْحَانَ المَلِكِ الحَيِّ الَّذِي لا يَمُوتُ، سُبُّوحٌ، قُدُّوسٌ، رَبُّنا وَرَبُّ المَلائِكَةِ وَالرُّوحِ، لا إلَهَ إلا اللهَ، وَنَسْتَغْفِرُ اللهَ، نَسْأَلُكَ الجَنَّةِ وَنَعُوذُ بِكَ مِنَ النَّارِ

 

Мағынасы: «Ұлы биліктің және патшалық-тың Иесі Алла Пәк! Даңқтың, ұлылықтың, құдіреттің, үстемдіктің және ұлы күш-қуаттың Иесі Алла Пәк! Мәңгі өлмейтін Тірі Патша! Алла Пәк! Аса Пәк, Аса Қасиетті, Раббымыз және періштелер мен Жебірейілдің Раббысы! Алладан басқа құдай жоқ! Алладан кешірім тілейміз! Раббымыз! Өзіңнен жәннатты сұраймыз, Өзіңнің атыңмен тозақтан сақтанамыз!».

Тарауық намазынан кейін оқылатын дұға

 

اللَّهُمَّ صَلِّ وَسَلَّمْ عَلَى مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ وَسَلِّمْ، اللَّهُمَّ زَيِّنَّا بِزِينَةِ الإِيمَانِ وَشَرِّفْنَا بِصِيَامِ شَهْرِ رَمَضَانِ، وَارْزُقْنَا الجَنَّةَ وَالْغُفْرَانَ، وَتَقَبَّلْ مِنَّا تَرَاوِيحَنَا يَا سُبْحَان، وَاسْتَجِبْ دُعَائَنَا يَا حَنَّان، بِفَضْلِكَ وَكَرَمِكَ يَا مَنَّان، بِرَحْمَتِكَ يَا أَرْحَمَ الرَّاحِمِينَ

 

Мағынасы: «Уа, Алла! Мұхаммедке және Мұхаммедтің әулетіне салауатың мен сәлеміңді жолда. Уа, Алла! Бізді иманның әшекейімен безендір, рамазан айының оразасымен абыройлы ет, жұмақ пен кешірімге жеткіз. Біздің тарауық намазымызды қабыл ал уа, Субхан, дұғалары-мызды қабыл ал уа, мейірімді Ханнан! Кеңшілі-гіңмен және жомарттығыңмен, уа, Мәннан! Рахымың арқылы, уа, рахымдылардың Ең рахым-дысы!»

Алла Тағала оразамызды қабыл алып, Құран мен сүннетке сай қайырлы іс қылуды нәсіп етсін!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары