Тілдік нұсқа
Радио

мақала

АУЗЫ БЕРІК КІСІГЕ МӘКРҮҺ ЖӘНЕ МӘКРҮҺ ЕМЕС НӘРСЕЛЕР
02 маусым, 2016 жыл 1438 Басып шығару нұсқасы

Санаулы күндерден кейін қасиетті Рамазан айы басталады. Сол себепті Алла разылығы үшін ауыз бекітуге ниет еткен жандарға қажетті мәліметтер беруді жөн көрдік.

  1. Себепсіз бір нәрсенің дәмін тату немесе шайнау – мәкрүһ. Бұл оразаның бұзылуына себеп болуы мүмкін. Бірақ көп кісіге пісірілген тамақтың дәмін қадағалау үшін тамақтың дәмін көріп, түкіріп тастауға болады. Дәмін татқан уақытта тамаққа кетпеуі шарт.
  2. Аузы берік кісіге сулы мисуакты қолдану – мәкрүһ.
  3. Дәрет алған кезде аузына, мұрнына суды көп пайдалану – мәкрүһ.
  4. Бал немесе май секілді сатып алатын нәрселердің қандай екенін білу үшін дәмін татып көру – мәкрүһ.
  5. Шайналып, тәттісі кеткен ақ сағызды шайнау – мәкрүһ. Ал жаңасын мүлдем шайнауға болмайды.
  6. Аузы берік адам әлсіреп, көтере алмайтындай болса, қан алдыруы – мәкрүһ. Егер көтере алса мәкрүһ емес. Ең жақсысы күн батқан соң қан алдыру.
  7. Рамазанда қатты ыстықтап салқындау үшін ауыз бен мұрынды сулау және суық сумен жуыну – Әбу Юсуптың пікірі бойынша мәкрүһ емес. Өйткені мұндай уақытта адамға жеңілдік туады. Фәтуа осы үкімге берілген.
  8. Өзіне сене алмаған аузы берік жанның әйелін сүюі – мәкрүһ. Өзіне сенсе мәкрүһ емес. Хадисте Пайғамбарымыздың  (ﷺ) зайыбын сүйгені және әзілдегені жайлы айтылады.
  9. Аузы берік адамның жүніп күйінде таң атыруы немесе күндіз ихтилам болуы оразаға зияны жоқ.
  10. Аузы берік адамның гүл не әтір секілді заттарды иіскеуі, сүрме жағуы, мұртын майлауы – мәкрүһ емес.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары