Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Яһудиді құтқарған дәрет
10 қараша, 2015 жыл 103 Басып шығару нұсқасы

Имам Жафар Садық хазреттері жолда кетіп бара жатып бір яһуди ғибадатханасын көрді. «Бәлкім мұсылман болар»  деген оймен насихат айту үшін ғибадатхананың есігінің алдына келді. Есік жабық еді. Дауыстап еді яһуди жауап беріп, біраз күттіріп барып ашты. Имам Жафар Садық хазірет ішке кірген соң яһудиден былай деп сұрады:




  • Жауап бергеніңде неге есікті дереу ашпадың?

  • Сенің дауысыңды естігенімде көңілімде бір қорқыныш пайда болды. Тұрып алдымен дәрет алдым. Өйткені Таураттан: «Бір адамнан немесе бір нәрседен қорыққан адам дәрет алсын, оған ешнәрсе зиянын тигізбейді. Оған ешкім жамандық жасай алмайды.» деп оқыған едім. Срндықтан есікті кешіктіріп аштым.


Жафар Садық яһудиден бұл сөздерді естігенде таң қалды. Оған Исламды түсіндірді. Яһудидің көңіл көзі ашылады. Мұсылман болу қалауы көбейіп сол мезетте Шаһадат Калимасын айтып мұсылман болды.


«Ғибратты оқиғалар»




Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары