Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ұйықтар алдында не істеу керек?
04 қараша, 2015 жыл 412 Басып шығару нұсқасы

Күнделікті күйбең тірлікпен жүгіреміз деп, түн болысымен шаршап жығылып жата кетеміз. Жарғақ құлағымыздың жастыққа тигеніне қуанып, бейғам ғана көзімізді жұмып ұйқыға кете барамыз. Ұйқыны демалып, рахаттану деп қана қарап жататындар да аз емес. Адам ұйықтаған кезде жаны тәнінен бір сәтке ажырайды. Ұйқы кезінде көру, есту, ойлау қабілеттері тоқтайды. Сондықтан-да ұйқыны – кіші өлімге теңейді. Әсте мұның парқына барып, ойланып жатқандар аз.


Құран Кәрімде: «Ол сондай түнде  сендерді өлідей ұйықтатады. Және  күндіз не істегендеріңді біледі.  Сонан соң  сендерді белгілі бір  мерзім толтыру үшін күндіз оятады. Соңыра қайтіп барар жерің  сол жақ.  Одан кейін  істеріңді түсіндіреді» (Әнғам сүресі 60аят),- делінген. Сондай-ақ тағы бір аятта былай айтылды:


َ ٍ ات َ ِار آَ لي َّه َ الن ِل و ْ َّي ِلاَِف الل اخت ْ َ ِض و ْ َر َ أْال َ ِ ات و ٰو َّ م ۪ َ ي خْلِق الس ِإ َّن ف ْ ُوبِهِ م ن ُ َ ٰلى ج َ ع ًا و ُود ُع َ ق ًا و َام ِي َ ق هّٰ الل ُ َون ُر ْذك َ َ ي ۪ذين َّ َل َ ِ اب * ا َْلب ِ أْ ي ال ُول أِل


«Расында, жеті қат аспан мен жердің жаратылуында, түн мен күннің алма-кезек ауысып, ұзарып-қысқаруында ақылды жандар үшін көптеген ғибрат аларлық белгілер (айқын дәлелдер) бар. Олар тұрып та, отырып та, жантайып жатып та үнемі Алланы еске алады» («Әли Имран» сүресі, 190-191-аяттар). Осы айтылған Құран аяттарына зейін салатын болсақ, ұйықтар алдында Алла Тағалаға дұға етіп жатудың маңызды екенін ұғынуғы болады. Осы тұста адамгершіліктің баға жетпес үлгісін көрсетіп, әрбір ісінде жұмаққа жетелейтін амалдарын айтып кеткен сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өткен өмірінен ғибрат алуға болады.



. ِ ِاشه َ ِر ٰ ِى إٰلى ف َو َ َ ان ِ إَذا أ ِ r ك ُ َول هّٰ الل َس ن ر َّ َ ّ أ َ َ ب۪ي ذٍر أ َ َفَة و ْ ُ َذي ْ ح َن 710 ع ُ ُوت«. َم أ َ َا و ْ ي َح َّ أ ُم الله ّٰ ِم َك ْ َق َال: »بِاس


Хузәйфа және Әбу Зәрр (р.а.): «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) төсегіне жатқанда: «Бисмикаллаһуммә ахйә уә әмуту» (Уа, Алла Тағалам, Сенің атыңмен көз жұмып, Сенің атыңмен қайта тірілемін) – деп дұға ететін еді», – деген (Бұхари, дағауат 7).


Жатар алдында дәрет алудың да сауабы мол. Дәретпен ұйықтаған адам жайлы:


«Кімде-кім пәк болып (дәрет алып) ұйқыға кетсе, түнімен оның жанында бір періште тұрады. Ол періште: «Уа, Алла! Пәленше құлыңның күнәсін кешір, ол пәктеніп ұйықтады(Ибн Хиббан)»,-деп истифғар айтады.


Төсек орынды қағып-сілкіп жату да ұйқыңның тыныш болуына септігін тигізеді. Адамзаттың асыл тәжі –Пайғамбарымыз (с.ғ.с) осылай істеуді бұйырған.



ْ ُم ُك َ د َح ٰ ى أ َو ِ r ِ : » إَذا أ ُ ُول هّٰ الل َس َ t َ ق َال َ : ق َال ر ة َ ر ْ ي َ ُر َب۪ي ه ْ أ َن 711 ع ،ِ ه ْ َ َلي ُ ع ا خَلَفه َ َ ْ ۪ري م َد ُ لاَ ي ه َّ َِإن ِ ف َ ِاره ِ ِ إز َ ِ اخَلة ُ بِد َ َ اشه ِر ُْف ْض ف ن َ َْلي ِ ف ِاشه َ ِر ِإٰلى ف َ ْف ۪سي َ ْك َت ن ْس َم ُ ِ ، إ ْن أ ه ُ َع ف ْ َر َ َ بِك أ ۪بي و ْ ن َ ْ ُت ج َ َضع ّ۪ي و ب َ ِم َك ر ْ ُ ُول: بِاس ق َ َّ ي ُم ث »َ ِ ۪حين َّ ال َ َك الص َاد ْ َف ُظ ِ بِه عب َح َ ا ت َا بِم ْ َف ْظه َاح َا ف َه َ ْلت ْس َر ِإ ْن أ َ َا و ْه َ م ْح َار ف


Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Қайсыбірің болса да төсегіне жатар алдында, киімінің астары мен төсегін жақсылап қақсын, өйткені ол бос тұрған төсегіне не нәрсенің (яғни, зиянды жәндіктердің) кіріп-кірмегенін білмейді. Содан кейін: «Бисмикә рабби уадағту жәнби уә бикә арфәғуһу, ин әмсәктә нәфси фархамһә уә ин арсәлтәһә фахфазһә бимә тахфазу биһи ибәдәкәс-салихин» (Уа, Раббым! Сенің атыңмен (оң жақ) қырымнан жантайып жаттым. Егер жанымды алсаң (яғни, ұйқыдан оянбасам), оны шексіз рақымыңа бөлей гөр! Ал, егер оны қоя берсең (яғни, аман-есен оянсам), оны Өзіңнің салиқалы құлдарыңды сақтағаныңдай (бәле-жаладан) сақтай гөр!) – деп дұға етсін», – деп айтты», – деген (Бұхари, дағауат 13; Муслим, зикр 64).


ََف َث ف ُ ن ه َ َع َ ْضج َ َخَذ م َ َ ان ِ إَذا أ ِ r ك ُ َول هّٰ الل َس ن ر َّ َ َشَة أ ِ َائ ْ ع َن 712 ع . ُ َ ه َ د َ س َ ا ج َ بِهِ م َ ح َس َم ِ َذ ِ ات و ّ َو ُع َ ْ بِالم أ َ َ َقر ِ و ه ْ َ ي َد ي



Айша анамыз (р.а.): «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жатар алдында екі алақанына үрлеп, «муаууизатайн» («Ықылас», «Фәлақ», «Нас») деп аталатын сүрелерді оқып, содан кейін бүкіл денесін сипайтын еді», – деген (Бұхари, дағауат 12).


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары