Ораза – парыз, уәжіп, нәпіл және мәкрүһ болып төртке бөлінеді.
Парыз ораза
Парыз ораза екіге бөлінеді:
Уәжіп ораза
Бұл да екіге бөлінеді. Атау (нәзір) оразасы сияқты. Белгілі бір уақытта тұтамын деп уақыт белгілеп тұтқан ораза – тағайындалған уәжіп ораза. Нақты уақыт белгілемей кез-келген бір күні немесе бір айда тұтамын деп атаған ораза – тағайындалмаған уәжіп ораза.
Нәпіл ораза
Бұл – сүннет, мұстахап, мәндүп болып үшке бөлінеді.
Нәпіл оразалар мына күндерде ұсталады:
Күн ара тұту
Бұл ең жақсы ораза. Пайғамбарымыз (ﷺ) былай дейді: «Ең сауапты ораза – Дәуіттің (а.с.) ұстаған оразасы. Дәуіт бір күн ораза ұстап, бір күн ұстамайтын». Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) «Мен одан да көп ұстай аламын» - деген кезде Алла елшісі (ﷺ): «Бұдан жақсысы жоқ» - деп жауап қайтарады.
Әр айда үш күн ораза ұстау
Әр айдың он үшінші, он төртінші, он бесінші күні ораза ұстау – мұстахап. Әбу Зәрдың (р.а.) риуаяты бойынша, Алла елшісі (ﷺ) былай дейді: «Әр айда үш күн ораза ұстағың келсе айдың 13, 14, 15-ші күндерінде ұста».
Әр аптаның дүйсенбі, бейсенбі күндері ораза ұстау
Усама бин Зәйдтің риуаят етуі бойынша, Пайғамбарымыз (ﷺ) дүйсенбі және бейсенбі күндері ораза ұстаған. Одан «Неге бұл күндері ұстайсыз?» деп сұрағанда: «Адамдардың істері Аллаға дүйсенбі мен бейсенбі күндері тапсырылады»-деген. Басқа бір риуаятта «Ұлы Раббыма менің істерімнің ораза ұстаған кезімде ұсынылуын қалаймын»-деген қосымша сөзі бар.
Шағбан айында ораза ұстау
Айша анамыз: «Алла елшісі (ﷺ) Шағбан айында ұстағандай Рамазаннан басқа ешқандай айда ораза ұстамайтын. Ол Шағбан айының бәрін оразамен өткізетін»-деген.
Шәууәл айында алты күн ораза ұстау
Бұл оразаны сол айдың ішінде кез келген күні үзбей бірінен кейін бірін немесе үзіп-үзіп ұстауға болады. Бірақ айттың артынша кезекпен дереу бәрін ұстаған абзал. Қаза, атау, т.б. оразаны осы күндерде ұстаса дәл сол сауапты ала алады. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Кімде-кім Рамазанды оразамен өткізіп, бұдан кейінгі шәууәл айында алты күн ораза ұстаса жыл бойы ораза ұстағанмен бірдей»-деген.
Арафа күнінде ораза ұстау
Қажылықта болмаған адамның Зилхижжаның тоғызыншы күнінде ораза ұстауы – мұстахап. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Арафа күні ұсталған оразаның бұрынғы және келешектегі бір жылдық күнәлардан арылтатыны Алладан үміт етілген»-деген.
Мәкрүһ оразалар
Мәкрүһ оразалар «тахриман» және «тәнзиһан» мәкрүһ болып екіге бөлінеді.
Екі күн қатарынан ауыз ашпай ораза ұстау да мәкрүһ. Бұл – уисал оразасы. Пайғамбарымыз (ﷺ) үмбетіне жаны ашығандықтан бұлай ораза ұстауға тыйым салған.
Күмәнді күні де ораза ұстау - мәкрүһ. Яғни Шағбан айының отызыншы күнін Рамазан күні ме әлде Шағбан айы ма деп аспан бұлт болғандықтан күмән пайда болса бұл күн «күмәнді» күн деп аталады. Бұл күні ораза ұстау да – мәкрүһ. Тіпті екі күн бұрын да ораза ұстау – мәкрүһ. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Рамазанды бір немесе екі күн бұрын оразамен қарсы алмаңдар. Бірақ кімде-кім әдеті болғаны үшін ұстаса (ұстап жүрген оразасы осы күнге сәйкес келіп қалса) ұстасын»-деген.
Әйел адамның ерінен рұқсат алмай нәпіл ораза ұстауы – мәкрүһ. Ері оған бұзғыза алады. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Ері жанында бола тұрып рұқсатсыз ораза ұстаған әйелдің оразасы адал болмайды»-деген.
Қажылардың әлсіреп қалуы ықтимал болғандықтан «тәруия» және арафа күні ораза ұстаулары – мәкрүһ.
Пікірлер