Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ҚАЙ УАҚЫТТАРДА НАМАЗ ОҚУҒА БОЛМАЙДЫ?
10 наурыз, 2021 жыл 56502 Басып шығару нұсқасы

Ешбір намаз оқылмайтын уақыт:

  1. Күн көкжиектен шығып, найза бойы көтерілгенге дейінгі уақыт.

      2. Күннің дәл тастөбеде тұруы.  Яғни күннің  ең биікте болған кезеңі. Бұл уақыт бесін намазының уақыты кіргенге дейін созылады.

      3.Күннің сарғайып батуға бет алған мезгілі. Шамамен бұл да күн батуға 40-45 минут қалған уақыт. Бұл уақытта сол күннің тек намаздыгер намазын мәкрүһ түрде ғана оқуға болады.

Бұл үш уақытта ешқандай нәпіл намаз да, қаза намаз да оқылмайды. Бұл уақытта намаз оқуға салынған тыйым – күнге табынғандарға ұқсамау үшін берілген. Бұл үш уақыт жайлы Уқба ибн мир әл-Жуһени (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі  () үш уақытта бізге намаз оқу мен өлілерімізді жерлеуімізге тыйым салды: Күн шығып көтерілгенге дейін, күн дәл тас төбеге шығып, төмен түсе бастағанға дейін және күн батуға бет алған уақытта».

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары