Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Өлгендер қайтып келмейді...
29 қазан, 2015 жыл 694 Басып шығару нұсқасы

Соңғы жылдары жастардың басым бөлігі біздің дінімізге де, салт-дәстүрімізге де жат батыстық «Хэллоуин» мерекесін тойлауды дәстүрге айналдырып алды. 31-ші қазанның 1-ші қарашаға қараған түнін асыға күтіп, түнгі клубтардан алдын-ала жанталаса орын алып, шала бүлініп дайындалады. Мереке салты бойынша қорқынышты бетперделер киіп немесе бет-жүздерін қанға бояп, адам шошырлық кейіпке енеді. Өздері үшін бұл өте қызық. Ал сол жастар «Хэллоуиннің» түпкі тарихынан хабардар ма? Өздерінің осынша асыр салып тойлауына не себеп? Не мақсатқа жетпекші? Не пайда?


«Хэллоуин» не мағына береді? Тарихы қандай?


«Хэллоуин» ескі ағылшын тілінде «All Hallows Even»» немесе «All Hallows Eve» деген сөзден шыққан. Оның мағынасы – «барлық әулиелер кеші». Мерекенің түп-тамыры христиан дәуіріне дейінгі аңыздардан бастау алады. Англия, Ирландия, Солтүстік Франция жерінде мекен еткен кельт тайпасының дәстүрлі мерекесі болған. Кельттер жылды қыс, жаз деп екіге бөліп, 31 қазан олар үшін жылдың соңғы күні саналды. 1-ші қарашаға қараған түннен келттер жаңа жылды тойлаған.


Кельттердің салты бойынша бұл түні жсалатын жоралғылар мен наным- сенімдері.


Кельттердің сенімі бойынша бұл түні өлілер тіріліп мына дүниеге, яғни жер бетіне келеді деп сенді. Дәл осы түнді олар Самхэйн(Самайн) деп атады. Әруақтар мен рухтардың құрбаны болмас үшін, үйдегі отты сөндіріп, әруақтар қорқып жоламасын деп үстеріне аң терісін киіп алатын болған.  Ана дүниеден келген өлілерді тынышталдырамыз деп, өздері әруақ кейпінде киініп, бір-бірінің үйінің есігін қағып, үй иелері оларға тәтті-дәмдер ұсынған.


Дін мен дәстүр не дейді?


Осы орайда жазушы Бердібек Соқпақбаевтың шығармасы ойға оралады. «Өлгендер қайтып келмейді». Шындығында Алла Тағала «Әрбір жан иесі өлімнің дәмін татады» («Әнбия» сүресі, 35-аят), - дейді. Бірақ олар қайтып келмейді. Екінші ғұмыр басталады. Қазақ халқының «екі дүниенің бақытын тілеймін» дегені сондықтан. Ал біз ана дүниедегілердің жаны жәнатта болсын деп Алладан дұға тілеуден басқа қолымыздан келері жоқ. Әруақтың қайта тірілуі, мына дүниеге аяқ басуы барлығы да аңыз ғана.


Ислам дінінде де, қазақтың салт-дәстүрінде де мұндай сұмдық жоқ. Мен мұсылманмын деген әрбір пенде Аллаға ғана бойсынып, беретін де, алатын да бір Алла деп біледі.  Ендеше үш қайнатса сорпасы қосылмайтын елдің далбаса дәстүрінде біздің не құнымыз қалды?! Бәлкім жастар мұны жай ғана көңіл көтеру деп ойлайтын шығар. Ал, мұның астарында Аллаға серік қосу, ислам дініне жат әрекеттер тұрғанын біле қоймас.


Алла Тағала өзінен басқаға иман келтіріп, Аллаға серік қосқандардың мекені тозақ деген.  Құран Кәрімде:


«Олардың басым бөлігі Аллаға серік қосқан күйде иман келтіреді» («Юсуф» сүресі, 12:106) деген. Осы аятты Мужаһид ибн Жәбр былай түсіндіреді: «Олардың Аллаға деген иманы «Алла бізді жаратты, бізді ризықтандырады және өлтіреді» деген сөздерде (болатын). Бұл – олардың Аллаға деген иманы, ал олардың серік қосуы олар Онымен бірге басқа құдайларға құлшылық ететіндерінде (еді)» (сахих хабар; Ибн Аби Хатим және Ибн Жәрир 12-сүре 106-аятының тәпсірінде).


Алла Тағала өзінің Кітабында былай дейді: «(Әй, Мұхаммед, былай айт:) “Шынында, мен де сендер сияқты адаммын. Маған тәңірлерің - Бір-ақ тәңір екендігі уахи (хабар) етілуде. Сондай-ақ, кім Раббысына жолығуды үміт етсе, түзу іс істеп, Раббысына істеген құлшылығында Оған ешкімді ортақ етпесін» (Кәһф сүресі, 110-аят).


Хакім Абай айпақшы Адамды сүйАлланың хикметін сез, не қызық бар өмірде онан басқа? Әлемдердің жаратушысы Раббымыз барлығымызға мәнді де, мағыналы ғұмыр кешуді нәсіп етсін!






Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары