Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ән тыңдау харам ба?
10 наурыз, 2021 жыл 4108 Басып шығару нұсқасы

Әуез бен әннің үкімі Ислам ғұламаларының арасында көп айтылып, әр түрлі пікірлер білдірген. Кейбірі харам деп кейбір аяттардан дәлел келтірсе, кейбір ғұламалар оған қарсылық білдіріп дәлел келтірген аяттың оған қатысы жоқтығын айтып тұжырым жасаған. Атап айтқанда, Әбу Ханифа ән айтуды мәкрүһ және күнә санаған. Кейінгі Ханафи ғалымдары Әбу Ханифаның «мәкрүһ» дегенін «харамға жақын мәкрүһ» деп тұжырымдаған. Тіпті мәзһабтар арасында әуез бен ән туралы ең өткір пікір білдіріп кейбір музыкалық аспап- тарды пайдалану харам деп үкім айтқан. Алайда Ханбали фақиһтарының бірі Ибнул-Қайюм Ханафилердің бұл тұрғыдағы хадисінің сахих еместігін алға тартады (Қараңыз; Касани, Бәдәи; Ибн Қайюм, Иғасәтул-ләһфән).

Әйтсе де ғалымдардың бәрі бірдей емес, Ханафи, Мәлики және Ханбали ғалымдар арасында аспапсыз жалаң әннің мүбаһтығын алға тартқандар да бар (Қараңыз; Зуһайли, 3/57).

Енді төменде әуезге қарсылық білдіргендердің сүйенген аяттар мен хадистерді айтылып, бұлардың сүйенген дәлелдері қаншалықты дұрыс, яки бұрыстығы салыстырылады. Бірінші:

ر ِ ِ بَغي الل هَّ َ ِب ِ يل َ ْن س ل ع َّ ُ ِض َ ْ ال َحِد ِ يث لِي ْو َ ِري لَه َ ْشت َ ْن ي َّ ِ اس م َ ِم َن الن و ُ ِه ٌ ين َ َذ ٌ اب م ْ ع ُ م ً ا أُولَِئ َك لَه ا هُزو ُ َ َّ ِخَذه ت َ َ ي ٍ و ِ

«Кейбір адамдар ешбір (дәлелге) білімге сүйенбестен елді Алланың жолынан адастыру үшін мән-мағынасыз бос сөздерді сатып алып соларды халыққа жаяды. Бұлар өздерін қорлайтын ауыр азап күтіп тұрған адамдар». («Лұқпан» сүресі, 6 аят.) Бұл аяттағы «мән-мағынасыз бос сөзге қатысты» (ләһуәл-хадис) тәпсіршілер екі көзқарас білдірген.

1. Аяттағы «ләһуәл-хадистің» мағынасы «ертегі», «астарсыз сөз», «сандырақ» дегенге саяды. Аяттың түсу себебіне қатысты мына хабар да осыны қуаттайды. Надр ибн Харис деген бір адам Парсы еліне сауда-саттықпен барғанда сол жерден әр түрлі ертегі, дастандар сатып алып құрайыштықтарға әңгімелеп: «Мұхаммед сендерге Ад пен Сәмүд елі туралы хикая шертеді. Мен де сендерге Рүстемнің, Бәһлулдің ертегі жыр дастандарын айтып берейін», – деп халықты Құранды тыңдаудан алшақтатуға тырысады. Осыған байланысты сол кезде осы аят түседі.

2. «Ләһуәл-хадистің» мәні туралы екінші көзқарас болса, ол әуез мен ән. Әлгі Надр деген адам Парсы елінен әнші күңдерді сатып алып, Меккеге алып келіп елге тыңдатып оларды Құраннан алшақтатуға ат салысады. Ендеше осы екі тұжырымға орай кейбір ғалымдар музыканы харам деп үкім берген. Егер біз

бұған тікелей ой салмай қарайтын болсақ, онда әуенмен бірге жыр-дастан яғни сөз де түгелдей харам болмақ. Өйткені аяттың бірінші мағынасы сөзге, екінші мағынасы әнге қатысты. Алайда аяттың мәні «мән-мағынасыз жел буаз бос сөз» болғанын әрі ондағы мақсат елді «Құраннан алшақтатып, діннен бездіру» екендігіне қарағанда бұл жердегі харам болған нәрсе – елді Алладан, Пайғамбардан, діннен аластатын сөздер мен әуендер. Ендеше осы аят бойынша адамды діннен бездіріп, нәпсісін қоздыратын, дінсіздікке үгіттеп көкейге күмән салып жолдан тайдыратын барлық ертегі, жыр- дастан, хикая, повесть, роман, өлең харам. Сондай-ақ, естіген жанның әсіресе жастардың нәпсісі мен делебесін қоздыратын, желіктіріп санасын сансырататын, өзіне еліктіріп тыңдағанды Алланы ойлаудан алшақтатын, жүрегін қарайтып, иманын әлсірететін, қоғамды мәңгүрттікке жетелейтін, естірту арқылы ойсыздық құрдымына тастайтын, ұйықтай өзіне тартып бойкүйездікке апаратын, көркем мінезден жұрдай етіп діннен бездіретін барлық музыка харам. Екінші:

ْ ُم ْت َن َ أ ُك َون. و ْ َب َ اَل ت َ ْض َحُك َون و َ ت ُ َون. و ْ َجب َع َ َذ ْ ا ال َحِد ِ يث ت ََف ِم ْن ه أ َ ِامُد َون س

«Сендерді мәңгілік бақытқа шақырған бұл сөзге (Құранға) қарап жылаудың орнына келеке етіп күліп таңырқап тұрсыңдар ма? Өмірлеріңді ойын-сауықпен өткізудесіңдер». («Нәжім» сүресі, 53/59-61.) Осы аяттағы «самидун» (ойын-сауық) сөзін Ибн Аббас «ән» деп тәпсірлеген. Бірақ Имам Ғазали бұл аят- та жалпы әнге тыйым салып тұрған жоқтығын айтады. Егер бұл аятта жалпы әнге тыйым салынған деп ұқсақ онда аяттағы күлуді де харам деп ұғынуымыз қажет. Сондықтан күлу – жайшылықта харам емес. Бірақ осы аятта айтылғандай егер біреулер Құранды келеке етіп күлсе онда оның осы күлгені – харам. Ендеше Құранды келеке етіп күлу қандай харам болса, Құранға тіл тигізген ән мен әуен де, өлең де харам. Айтқандай-ақ, Құранда:

ْ ُم ْت َن َ أ ُك َون. و ْ َب َ اَل ت َ ْض َحُك َون و َ ت ُ َون. و ْ َجب َع َ َذ ْ ا ال َحِد ِ يث ت ََف ِم ْن ه أ

«Ақындарға азғындар ғана ереді» деген («Шұғара» сүресі, 224 аят) аяттың меңзгегені – Құранға қарсы шығып, өлең жазып, елді діннен алыстатуға тырысқан ақын-шайырлар. Әйтпесе бұл аятқа қарап өлең харам деуге болмайды (Ихия; Ибн Қайюм, Иғасәтул-ләһфән.). Пайғамбар (саллалаһу аләйһи уә сәлләм) кезінде сахаба ақындар болған. Турасы музыка деген сөз. Ал сөздің естісі де, есері де болады. Күнә –жарға итермелейтін ән болумен қатар, тақуалыққа шақыратын жақсы ән мен тәтті күй де, рухты жігерлендіріп жауға шапқанда

қаймықтырмайтын әуендер де бар (Мухаммед әл-Ғаззали, әс-Суннәтун-нәбәуия бәйнә әһлил-фиқһ уә әһлил-хадис, 86 бет). Ең дұрысы бір Аллаға ғана аян.

«Отбасы ғылымхалы»

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары