Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Пайғамбар тілі
15 қазан, 2015 жыл 11 Басып шығару нұсқасы

Алланың соңғы елшісі Мұхаммед Пайғамбардың ұлты араб болатын. Қасиетті Құран Кәрім араб тілінде түскен. Осы мақаламызда араб тілінің тарих пен қазіргі ислам қауымындағы рөлі туралы сөз қозғамақпыз.


Құранның араб тілінде түсірілуі әдеби араб тілінің қалыптасуында шешуші рөл атқарды. Бүкіл әлемге араб тілінің кең таралуына Ислам ықпал етті. Уақыт өте келе араб тілі Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстың барлық араб елдерінде мемлекеттік тілге айналды. Қазір де араб тілі таралмаған түкпір жоқ. Әр араб мемлекетінде өзіндік диалекті бар, бірақ күллі араб әлемі мен Ислам әлемін әдеби араб тілі біріктіреді.


Белгілі Ислам теологтарының көп жұмыстары араб тілінде жазылған. Олардың арасында төрт мәзһабтың негізін салушылар бар. Араб тілі медреселер мен Ислам университеттеріндегі негізгі оқу тілі болып табылады.


Араб тілі Исламды ұстанатын халықтардың ұлттық тілдерінің қалыптасуына зор ықпал етті. Күні бүгінге дейін ол тілдерде араб сөздері мен арнайы терминдері көптеп ұшырасады. Олар негізінен дінге, алгебра, геометрия, химия, астрономия, өнер мен әдебиетке қатысты. Араб терминологиясы еуропа тілдерінде де қолданылады (мысал үшін «тариф», «алгебра» және т.б. сөздер). Ислам дәстүрін ұстанатын халықтардың басым бөлігі бертінге дейін араб графикасын қолданды. Көптеген халықтардың өткен ғасырға дейінгі туындылары, әдеби шығармалары, бар рухани мұралары араб тілінде таспаға түсіп, осы күнге жетті. Парсы, урду, пушту және т.б. тілдердің әліпбиі араб әріптерінің негізінде жасалды. Қасиетті Құран мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерін оқу үшін де алдымен араб тілін білу қажет. Құран Кәрімді оқитындарды «қари» десе, Құранды жатқа білетіндерді «хафиз» деп атайды.


Әлемдегі көптеген халықтарда араб тілінен алынған адам есімдерінің шоғыры қалыптасты. Мәселен, Фатима, Әмина, Айша, Хасан, Абдулла және т.б.


Бүгінгі таңда, әсересе посткеңестің кеңістікте исламның рухани және мәдени құндылықтары қарқынды түрде қайта жаңғыруда. Бұл үрдіс араб тілін айналып өтпейтіні белгілі. Араб тілін білу ұлты бөлек бар мұсылман қауымын біріктіруге және бауырластық қарым-қатынас орнатуға зор ықпал етеді. Сондықтан әр мұсылманның араб тілін білгені ғибрат. Білмесе де араб тіліне құрметпен қарағаны жөн. Себебі бұл тіл - Мұхаммед Пайғамбар сөйлеген тіл. Алла елшісі: «Араб тілін үш себепті жақсы көріңдер: менің ұлтым - араб, Құран араб тілінде түсірілді және араб тілі Жұмақ тұрғындарының тілі болып табылады»-деген.


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары