Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ар-ұжданның азабын тартқан фотограф
10 қазан, 2015 жыл 154 Басып шығару нұсқасы

1994 жылы Американдық суретші Кевин Картер «Футзер» жүлдесін алу үшін, сурет көрмесіне қатысады. Ол халықты, африкадағы аштықтан қырылып жатқандардың жағдайымен таныстыру мақсатында БҰҰ-мен африкаға қарай жол тартады. Аш халық БҰҰ-ның азық тарататынын естігенде бар нәрселерін тастап 1 км жердегі азық-түлік таратып жатқан машинаға бет алады. Осы мүмкіндікті пайдаланып Картер халықтың тұрып жатқан мекеніне қарай аяңдайды. Келе жатып ұзақтан анасынан ажырап, аштықтың салдарынан сүйретіліп құр сүлдері қалған 4-5 жасар баланы көзі шалады. Оның арқасында өлуін күтіп тазқара отыр. Осы көріністі пайдаланып дереу суретке түсіріп ала қояды. Сөйтіп қуанышы қойнына сыймай еліне оралады. Адамдардың жағдайының нашарлығы соншалық, ит-құсқа жем болып жатыр деген көріністі бейнелегендіктен болар, оның фотосы бас жүлдені жеңіп алады. Қуанышын жора-жолдастарымен бөлісіп, кешкісін үйіне оралғаннан кейін суретке қайта көз салып көреді. Картер алдын бас жүлдені аламын деген мақсатпен жүргендіктен болар, оны баланың өмірі қызықтырмады. Қу дүниенің жылтырағын алғаннан кейін өзінің түсірген суретіне бұл жолы басқаша көзбен қарайды. Қарап отырып, санасында ақиқаттың ұшқыны жарқ ете қалды: «Әлгі аш балаға неге жәрдем бермедім? Ол құстың жемтігіне айналып кетпеді ме екен?» деген сұрақ қатты мазалайды. Осылайша үш ай бойы жанын жегідей жеп, ақыры есінен айырылып, өз-өзін асып өлтіреді. Міне ар-ұжданның өзі адамды азаптаса, адамның мына дүниедегі қатыгездіктері үшін азаптар күні неге болмасқа?!


«Өмірдің үзік сырлары»

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары