Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Араны жаратқан Алла ұлық!
03 наурыз, 2021 жыл 434 Басып шығару нұсқасы

Араның балын кез-келгеніміз күнделікті өмірде пайдамызға жаратамыз. Ем ретінде, тәтті-дәмдер пісіруге, тері күтіміне де балдың пайдасы зор. Алты бұрыш етіп, геометриялық пішінде  ұяшықтарын жасап, адамзатқа шипалы дүние беретін кішкене ғана тіршілік иесін жаратқан Алланың  құдіреттілігіне күмән жоқ. Құран Кәрімде: «Раббың бал арасына: «Таулардан, ағаштардан және адамдардың салған күркелерінен ұя жасап ал. Сосын әр түрлі жемістерден же де, Раббыңның саған оңтайластырған жолымен жүр», – деп уахи еткен. «Араның қарнынан адамға шипалы түрлі-түсті бал шығады. Әлбетте, мұнда ойланған қауым үшін ғибрат бар». («Нахл» / 68-69).

Бал арасы мыңдаған гүлдерге ұшып-қонып жүріп азығын жинайды. Ондаған шақырымдарға ұшып барып, компассыз-ақ күнге қарап қайта айналып, ұясын таба алады. Алты бұрыш етіп, геометриялық пішінде бал ұяшықтарын жасауының өзі таңғаларлық. Осы орайда бал ұяшықтарын неліктен алты бұрышты етіп жасауда? Неге сегіз бұрыш немесе үш бұрыш яки бес бұрыш емес? – деген заңды сұрақ туады. Математиктердің есебі бойынша алты бұрышты бал ұяшықтарын жасауда ең аз материал қолданылып, көп мөлшерде бал алуға болады екен.  Аралар бал ұяшықтарын жасаған уақытта бөлек-бөлек екі-үш жерден бірден бастайды. Яғни, бір топ ара бөлек-бөлек жерден бастап, бірдей өлшемде алты бұрыш жасап, бір-бірімен біріктіре отырып бал ұяшықтарын тоқып, сосын барлығы ортада кездеседі екен. Алты бұрыштардың бір-бірімен қосылған тұстары өте шеберлікпен іске асқандықтан, кейіннен біріктірілгендіктері мүлдем байқалмайды. Қай гүлдерде бал бар екенін, күнге қарап ұшқан ұясын қайта табуды, керемет есеппен есептелген бал ұяшықтарын жасауды білетін ақылсыз араны жаратқан Алланың шеберлігінде шек жоқ. Ұяларындағы тазалық, бұзылған жерлерін жөндеу, жас араларды қоректендіру істері де жүйелі түрде іске асады. Егер ұяның іші ыстық болса жұмыртқаларды салқындату үшін қанаттарын қағып, ал суық болса жұмыртқаны жан-жағынан көлегейлеп жылытады.  Кез келген бір бал арасы бал жасауға жарамды гүлдерді тапқан жағдайда, алыстағы басқа араларға өздері ғана түсінетін кейбір іс-әрекеттері арқылы хабар береді. Гүл тозаңындағы ақуыз – араның негізгі қорегі. Сонымен бірге, тозаңның құрамында май, крахмал, қант, гүл және басқа заттар да бар. Мысалы, ақ қайыңның гүл тозаңында 3,33% май, 18,5% қант, бақбақтың гүл тозаңында 12,87% май, 40,17% қант кездеседі. Құрамында мың бір түрлі минералдар мен витаминдер бар шипалы балды жасау еш зертхананың қолынан келмейтіні рас.
 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары