* Құрбан шалу – мұсылмандықтың рәмізі;
* Құрбан шалу – ұлы ғибадат;
* Құрбан шалу - жүректі дүниеқұмарлықтан, сараңдықтан алыстатады;
* Құрбан шалу – құл екендігіміздің, дінге бекемдіктің белгісі;
* Құрбан шалу – Аллаһты еске алу әрі шүкір ету;
* Құрбан шалу – Аллаһтың жомарттығына құлдардың да қайтарым жасауы;
* Құрбан шалу – Аллаһқа деген сүйіспеншіліктің белгісі;
* Құрбан шалу шаңырақты берекеге бөлейді;
* Құрбан шалу бәле-жалаларды алыстатады;
* Құрбан шалу Аллаһты ұлықтауды әрі мұсылмандардың бір-біріне деген жанашырлығын білдіреді;
* Құрбан шалу – мүмінді ақыретте мол сауапқа кенелтеді;
* Құрбан шалу – күнәлардың кешіріміне себеп;
* Құрбан шалу – баршаға әсіресе кедейлерге жасалған жанашырлық;
* Құрбан шалу бай мен кедейдің арасын жақындастырады;
* Құрбан шалу – қоғамдағы татулық пен ынтымақтың ұйытқысы;
* Құрбан шалу – мұсылмандардың бір-біріне қол ұшын созып тұруының, бауырмашылдығының белгісі;
* Құрбан шалу қоғамды игілікке, ізгілікке бастайды;
* Құрбан шалу кедейлердің қабағын ашады, тағдырға өкпе артқызбайды;
* Құрбан шалу көрші ақысын еске салып, татулыққа бастайды.
«Құрбан айт-құтты мереке» кітапшасынан үзінді
Пікірлер