Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ысырапшылдық тұңғиыққа батырады, қанағатсыздық сан соқтырады
05 тамыз, 2015 жыл 23 Басып шығару нұсқасы
 

roto5-610x375


 Алла Тағаланың шексіз шебірлігінің керемет туындысы - адам. Осы жаратылыс атаулының ішіндегі халифасына күллі игіліктерді, сан қилы қызметтерді ұсынды. Хақ Тағала адамға ерік берумен қатар, оған жауапкершіліктер де жүктеді. Сол жауапкершіліктердің бірі – Жаратқанның сыйға тартқан сансыз нығметтерінің қадірін біліп, оңды-солды шашпай, шүкіршілік ету.


Бірақ қоғамдық формацияның дамуы соңғы ғасырларда адамды шектен тыс тұтынушылыққа итермелей бастады. Қазіргі қарыштап дамып келе жатқан коммуникация, технологиялық жетістіктердің барлығы да адамның қажеттіліктерін өтеп, өмірден барынша ләззат алу үшін жағдай жасауға бағытталған.


Осакаровка кентіндегі Тоқа Байғозықажы мешіті осы ысырапшылдықтың алдын алу мақсатында қоғамдық жинақ орынын ашып, тұрғындардан ескі киім-кешек, азық-түлік, ыдыс-аяқ жинауды бастап кетті. Осы тәжірибенің тамаша тиімділігімен елді қызылсу басу қысылтаяңы кезінде халықтың ауызбіршілігі жеңіп шықты. Су тасқынынан зардап шеккендерге ҚМДБ өкілдігі белсенді атсалысты. Аудандағы Қарағайлы, Садовое, Пионер, Николаевка, т.б ауылдарда мал-мүлік шығыны орын алған азаматтарға гуманитарлық көмек акциясын жасады. Гуманитарлық көмек жергілікті әкімшіліктер арқылы таратылды.


Ысыраптың алдын алу үшін – ысырапты байқау керек. Тұтынушы ретінде, «мынаны алмасақ болмайды, мынау ескірді тастай салайық, онсыз да сәннен қалды..» деп, алданып, сый нығметтерін оңды-солды шашудамыз. Бәлкім, ауқатты адамның лақтырып тастаған киімі біреуге қажет болар, көп балалы отбасылар бір тілім нанға зар болып отырған болар... Игілікті шамадан асырып, жариялау рия. Саналы түрде мұқтаж жандарға жәрдемдесуші жомарт азаматтар бар, жиналған киім-кешек, азық-түлік, ыдыс-аяқты әкімдік тізімімен өлшеммен таратып жатырмыз.


Қазіргі күні аста-төк дүние қажеттілік ретінде бағалануда. Соның салдарынан шектен тыс ысырапшылдық орын алуда. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ішіңдер, жеңдер, садақа беріңдер және киініңдер, бірақ ысырапшылдық пен дандайсуға жол бермеңдер», – деп ескертіп, біздер үшін өлшем белгілеп берген.


 Хақ тағала адам баласының адал жолмен табыс тауып, оны адал жолда қалағанынша қолдануға ешқандай қарсы емес. Құран кәрімде «....Ішіңдер, жеңдер бірақ ысырапқа жол бермеңдер! Расында Алла тағала ысырап қылушыларды жақсы көрмейді» – («Ағраф» сүресі, 31-аят) деген.


Ағыл-тегіл тасыған өмірде адам баласы ысырапқа қалай жол бергенін білмей қалып та жүр. Судың тіршілік көзі екенін бәріміз білеміз. Сол судан секундына бір тамшы ағатын болса, бір жылда 6 тонна су жиналады екен. Ысырапшылдықты кейде өз қолымызбен жасағандай боламыз. Қайтыс болған адамды жерлеуге асықпай, туысқандарын күтіп, ұзақ күттіріп қоямыз. Шариғат жолы қайтыс болған адамды жерлеуге асықтырған емес пе! Көңіл айтушыларды белден төсек салып артық күн күту, қайғылы үйге қиянат емес пе. Тағы қырқын, жылын өткізу осылайша қайталанып жатады...


Әлбетте, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде: «Адамдардың көпшілігі қадір-қасиетін біле бермейтін екі үлкен нығмет – денсаулық пен бос уақыты», деп айтқан. Сол хадисте айтылған мәлімет шындыққа айналып, қазіргі таңда адам баласы қолына берілген уақытты да босқа жұмсап, қадір-қасиетіне жетпей жатыр. Баяғының қариялары бір күн өткенде, күнім өтіп кетті деп уайымдайды екен. Ал, қазір таң атады, іле кеш қараяды. Таңертеңгісін төсектен аман тұрғанда дүние нығметтері сыйының қадірін біліп, дұрыс мақсатта қолданып, шүкіршілік жасасақ, Алла тағала бұл нығметтерін одан сайын арттыра түседі.


 Құран Кәрімде: «Егер шүкіршілік етсеңдер нығметтерімді одан сайын арттыра түсемін», делінген. Әсілінде, ысырапшылдық осы нығметтердің қадірін білмеуден туындауда. Тіршіліктегі бір күніміз ысырапшылдықпен тығырыққа тіреуде. Бұның астарында дүниеге деген көзқарас пен соған сай қалыптасқан сана жатыр. Ысырапшылдық тіршілігіміздің барлық саласына шектен тыс тұтынушылық жаман әдеттерімен әбден сіңіп кетті. Ысырапшылдық қанағатсыздықтан туындайды. Сондықтан да «қанағат қарын тойдырады, қанағатсыздық жалғыз атын сойдырады» дегендей, түптің түбінде қанағатсыздық сан соқтырады. Қанағатшыл осы дүниеде де берекеге кенеліп, ақыретте аманатқа жауапкершілікпен қараудың сыйын алады.


Жоламан Яхияев,


Осакаровка кенті


Тоқа Байғозықажы мешітінің бас имамы



Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары