Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Бала өмірге келгенде істелетін әдептер
08 қыркүйек, 2015 жыл 1920 Басып шығару нұсқасы

imageБаланың өмірге келуі әрбір адамзат үшін елеулі оқиға. Олай болса, бала туылғанда жасалатын амал-әрекеттер пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) көрсетіп кеткен амалдармен сай болсын. Аллаһ Тағала: «Мал мен балалар, дүние тіршілігінің сәні. Ал бақи қалатын жақсылықтар болса, Раббыңның қасында; табыс бойынша да жақсы әрі үміт тұрғысынан да жақсы». («Кәһф» сүресі, 46 аят.) деп айтқан өз кітабында. Бала - бүкіл әлемге сән беруші, байлықты арттырушы, ұрпақты жалғастырушы Алланың адамзатқа берген аманаты. Исламда жаңадан дүниеге келген баланың өмір есігін дұрыс ашу үрдісі көрсетіліп, жас сәбиге үлкен көңіл бөлінген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жасқа да кәріге де бала асыраудың жөнін көрсетіп кеткен. Өкінішке орай, қазіргі қоғам бұл үрдістерді дұрыс меңгермей келеді. Бала өмір есігін ашқанда істелетін әрекет жайлы Аллаһ Тағала: «Әр үммет үшін, олар орындайтын бір ереже жасадық. Ендеше (Мұхаммед Ғ.С.) олар, сенімен бұл іс жайында тартыспасын. Раббың жаққа шақыр. Сен әлбетте тура жол үстіндесің» («Хаж» сүресі 67).


Бала туылғанда істелетін сүннет амалдар:


Баланың құлағына азан шақыру:


Абу Рафи: «Мен Алла елшісі (с.ғ.с.) Фатима ұлы Хасан ибн Алиді босанғанда оның құлағына азан шақырғанын көрдім» деген (Тирмизи). Біздің мұсылман елімізде барлық ата-ана баласына есім бергенде азан шақыртып


жатады. Әрине, бұл дұрыс. Оның мән-мағынасын мына жазбадан білеміз. Шейх Ибн аль-Қъайим жазған: «Бала туылғанда құлағына азан шақыру - балаға ең алғаш Алланың ұлықтығы мен Оның билеуші екендігін ірт. Сондай-ақ, азан айту шайтанды қуатыны белгілі» («Туффатуль-маулюд» кітабы). Осы жазба сәби қулағына азан шақырудың не себепті қажет екендігін ұқтырса керек.


Ат-Тахник:


Мұхаммед (с.ғ.с.) қалған сүннет амалдың бірі құрманың кішкене бөлшегін жаңа туған сәбидің таңдайына жағу, яғни баланың ең алғаш жейтін асы құрма болуы. Аиша (оған Алла разы болсын): «Жаңа туылған сәбилерді Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) әкелетін. Ол балаларға Алладан рақым тілеп, олардың таңдайына құрманың етін жағатын» деген хадис қалған (Муслим). Кейбір ғалымдардың құрманы тек Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ғана жегізген десе, Ан-Науауи, Ибн аль-Қъайим, ас-Сан секілді көптеген ғалымдар басқа да адамдардың тахник істеуіне болатынын құптаған. Науауи «Шарху Сахих Муслим» деген еңбегінің бір бөлімін осы тақырыпқа арнаған. Бөлім «Жаңа туған сәбиге тахник жасаудың абзалдығы және оны жегізу үшін діни адамға апару» деп аталады. Осы бөлімді оқысаңыз, сәбиге құрманы кез-келген мұсылман адам жегізуіне болатынын ұғасыз. Ол Алладан рақым тілеп, сәбидің таңдайына құрманың бір бөлшегін жағып қояды. Медицина ғылымдары бұл амалды құптай қоймағанымен, енді ғана туылған балада сору қасиетін қалыптастыру мақсатында құрманы беруге болады деп айтады. Бірақ, ол бүгінде ресми түрде қабылданбай отыр. Ибн Хайр: «Егер кепкен құрманы табу мүмкін болмаған жағдайда, жаңа піскен құрманы пайдалануға болады, ол да табылмаса онда жеуге болатын тәтті тағам түрін пайдалануға болады» деген. («Фатхуль-Бари»).


Әдемі есім беру.


Бала туылған соң оған әдемі есім қою керек. Ат қою мүмкіндігінше бала туылған соң жетінші күні жасалады. «Муаз ибн Джаббаль: «Пайғамбар (с.ғ.с.) балаға есімді жетінші күні қою керек деп айтқанын» көрген». (ат-Тирмизи). Балаға қойылған есім мағыналы, естілгенге әдемі болуы керек. Өйткені, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) жеткен мынадай хадис бар: «Шындығында, қиямет күнінде сендер әкелеріңнің және өз аттарыңмен шақырыласыңдар. Ендеше әдемі есім таңдаңдар!» (Абу Дауд, Ан-Науауи,


Ибн аль-Қъайим). Бала есімін Абд (құл) деп басталатын, Аллаға құлышылығын бағынышты ететін мағынаға ие етіп таңдаған абзал. Абд немесе Абду сөзінен соң Алланың керемет есімдерінің біреуін жалғайды. Солардың ішінде ең керемет есімдер қатарына, Абдуллах (Алланың құлы) және Абдуррахман (Рақымдының құлы). Ибн Омар (оған Алла разы болсын) Пайғамбар (с.ғ.с.) былай деп айтты: «Алла үшін ең керемет есімдер – бұл Абдуллах және Абдуррахман» (Муслим). Дінімізде көпқұдайшылықты немесе Алладан басқаға табынушылықты білдіретін есімдермен атауға тиым салынады. Сондай-ақ, мағынасы жоқ, құлаққа ерсі естілетін есімдермен атауға да болмайды.


Құрбандық.


Сәби туылғаннан кейінгі жетінші күні Аллаға ризашылығын білдіру ниетінде ата – ана құрбандыққа мал шалады. Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Өмірге келген әр балаға жеке құрбандық шалыну қажет» деген (Абу Дауд). Сонымен қатар, Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Баласы туылып, оған құрбандық шалғысы келген адам, ұл балаға екі қошқар, ал қыз бала туылса бір қошқарды құрбан етсін» деген (Абу Дауд). Балаға арналған құрбандық малды бала туылғаннан кейінгі жетінші күні шалады. Егер, оған мүмкіндік болмаса, онда 14-ші күні, оған да мүмкіндігі болмаса, онда 21-ші күні құрбандық шалынуы тиіс. Бурайда (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (с.ғ.с.) былай дегенін жеткізеді: «Құрбандық 7-ші, 14-ші немесе 21-ші күні шалынады» деген (Аль-Байхаки).


Баланың шашын алу.


Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Туылған әр балаға жетінші, он төртінші немесе жиырма бірінші күні құрбандық шалынып, сонымен қатар баланың шашын алып және оған ат қою қажет» деген (Ибн Маджах). Шашты құрбандық шалынып болған соң қырып алу қажет. Бастың бір бөлігін ғана қырып немесе қысқартып қоюға болмайды. Шаштың барлығын ұстарамен қырып алу керек. Өкінішке орай, көптеген ата-ана баланың басына зақым келтіріп аламыз деп, жетінші күні шашын алмай жатады. Шаш алуды баланы қырқынан шығарумен байланыстырып жатады. Ананың құрсағы бастапқы қалпына қырық күннен кейін келетін болғандықтан, ертеде ана мен баланы қырқынан шығарып, тойлатқан. Сол үрдіс күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Бірақ, ата-бабамыз діни амалдарды орнымен істеген. Сондықтанда, ата-бабадан


қалған ғұрып деп шаш алу, тырнақ алуды қырық күнге созбаған абзал. Өйткені, шарият бойынша жаңа туған баланың шашындай садақа беру қажет. Ал, шашты алуды қырық күнге созсақ осы күндерде шаш өсіп, салмағы артып кетеді.


Шаштың салмағындай садақа беру.


Алла Елшісінің (с.ғ.с.) немере жиені Хасан дүниеге келгенде, ол қызы Фатимаға (оған Алла разы болсын) былай деп айтқан: «Оның шашын қырып ал, және қырылған шаштың салмағындай күмістен садақа бер» (Ахмад, Ат-Тирмизи, аль-Байхаки). Мүмкіндігі бар адам бұл сүннетті аяқсыз қалдырмағаны абзал. Кейбір хадистерде садақаны алтынмен беру керек деген. Қалай болса да, садақаның жаманы жоқ.


Ұл баланы сүндетке отырғызу.


Жабир айтады: «Алла Елшісі (с.ғ.с.) Хасан мен Хусейн туылған соң жетінші күні құрбандық шалып, оларды сүндетке отырғызды» (Ат-Табарани). Қазақтың салт-дәстүріне еніп кеткен осы амал ислам дінінен қалыптасқан амалдары екенін ұғамыз. Қазақ халқы мұсылмандық үрдістерді ұмыт қалдырып, жоғалтқан емес. Дегенмен, сүндетке отырғызу рәсімі көп жағдайда, бала туылған соң жетінші күні емес, бала үш немесе бес жасқа келгенде істелініп жатады. Ибн аль-Қъайим айтқан: «Ата-ана баланы сүндетке отырғызуды кәмелет жасқа жеткізбей істегені дұрыс» (Тухматуль-маудуд). Қазіргі медицина ғылымы сүндетке отырғызуды құптайды. Баланы ерте жастан сүндетке отырғызу бала үшін өте тиімді болмақ, біріншіден ауырғанын қатты сезінбейді, екіншіден жара тез жазылады, үшіншіден баланың жыныс мүшесінде пайда болатын аурудың алды алынады.


Құрметті мұсылман бауырлар! Перзент дүниеге келгенде жоғарыда аталған амалдарды дер кезінде орындасақ, үлкен сауапқа кенеліп, баланың денсаулығы мығым, келешегі кемел болары хақ!


Нуров Махмуд қажы Нурұлы


Қарағанды қ., «Бала қажы» мешітінің бас имамы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары