Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Итпен аң аулау
10 маусым, 2015 жыл 404 Басып шығару нұсқасы

f81b13e5a5a3429e3d170ad9b8333895_bigИсламда қыран, қаршыға сынды құстармен де, тазы иттермен де аңға шығуға рұқсат етілген. Құранда: «Сенен (О, Мұхаммед) өздеріне (мұсылмандарға) рұқсат етілгендер туралы сұрайды. Айт: «Сендерге аңға үйретілген жануарлар мен құстарды пайдалануға рұқсат етіледі. Олар ұстаған олжаны жеңдер. Ал оларды сол олжаға жібергенде Алланың атын атаңдар. Алладан қорқыңдар. Шынында ол есепте жылдам (адам Қиямет күнінде)» («әл-Маида» сүресі, 4 аят).


Аң аулау кезінде қолға түскен олжаның тағам ретінде тұтынуға жарамды болуы үшін бірқатар шарттарды сақтау қажет. Ол шарттар төмендегідей:


1) Аңға шығатын жыртқыш үйретілген болуы керек.


Бұл шартты үш имам: аш-Шафии, Ахмад, Әбу Ханифа қойған. Үйретілген жыртқыш иесі пәрмен бергеннен кейін олжаны қуып жетіп, иесі келесі пәрменді берген кезде олжаны тастауы керек.


2) Жыртқыш олжадан тістеп жемеуі керек, тек оны ұстап жаралауы немесе өлтіруі қажет.


Имамдар Әбу Ханифа, Ахмад және аш-Шафии итке олжаны жеуге рұқсат етілмегенін жазады. Ал имам Мәлік бұған тыйымның жоқтығын және олжаға рұқсат етілгенін жазады.


3) Жыртқыш бұл әрекетті бірнеше рет қайталауы керек. Бұл оның бұны кездейсоқ жасап жатпағанын, өз тапсырмасын «түсінгенін» және үйретілгенін білдіреді.


Имамдар Әбу Ханифа мен Ахмад жыртқыш екі рет осылай қабілетін көрсетсе жеткілікті деп санайды, ал имам аш-Шафии «урф» дегенді қарастырады (яғни белгіленгені емес, қажеті).  Имам Мәлік бұл шартты қоймайды.


Бұл шарттар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерінен алынған: «Сен өзіңнің үйретілген итіңді Алланың атымен жібергенде және ол олжаны ұстап, өлтіргенде оны жегін, ал ол (ит) олжадан  жесе одан саған жеуге болмайды, шынында ол оны өзі үшін ұстады».


Яғни, егер ит олжаны ұстап, ештеңе жеместен тастаса оны адамға жеуге болады. Ал ит оны тістесе, бұл арада қажетті шарт: олжа әлі де тірі болуы керек. Олай болмаған жағдайда ол өлген есептеледі. Бір шарт сақталмаған жағдайда жаралы аңды сою қажет. Ал оны ит тістеп өлтірген болса, онда ол олжа тағам ретінде адамның тұтынуына жарамсыз болады.


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова


 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары