Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Дұғалардың нәтижесі
24 сәуір, 2015 жыл 133 Басып шығару нұсқасы

 137888643752302325d1417Бір күні бір шәкірті Ибраһим Әдхәм хазіреттен былай деп сұрайды: "Алла Тағала: "Ей құлдарым! Менен сұраңдар! Қабыл етейін, берейін!" деп бұйырған. Бірақ қанша сұрасақ та қабыл болмай жатыр?" Сонда Ибраһим Әдхәм:    Алла  Тағланы шақырасыңдар, бірақ Оған бағынбайсыңдар!    Пайғамбарын танисыңдар, оған ұйымайсыңдар!   Құран кәрім оқисыңдар, көрсеткен жолымен жүрмейсіңдер!    Құдайдың ниғметтерінен пайдаланасыңдар, бірақ шүкір етпейсіңдер!   Жәннаттың ғибадат еткендер үшін екенін білесіңдер, дайындығын істемейсіңдер!    Жаһаннамды әмірлерге қарсы шығушылар үшін жаратқанын білесіңдер, одан сақтанбайсыңдар!    Бабаларыңның, аталарыңның не болғандарын көріп, ғибрат алмайсыңдар!   Өз айыптарыңа қарамай, басқалардың айыптарын іздейсіңдер! Мұндай адамдар, үстілеріне тас жаумағанына, жер жұтып кетпегеніне, көктен от жаумағанына шүкір етсін! Тағы не сұрайды? Дұғаларының нәтижесі, тек осы болса, жетпей ме?

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары