Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Адам болу бір басқа
27 қаңтар, 2015 жыл 19 Басып шығару нұсқасы

b8b146b6a753c10e66d91c39d3d9f62cБір кісі баласының жайсыз қылықтарын көрген сайын кейіп: «Әй, сен адам болмассың!» – деп  ашуға басады екен.  Әкесінің қайталап айта беретін әлгі сөзіне іштей  ыза болған баласы бар ынтасын оқуға салып, өскенде бір өңірге әкім болуға жарапты. "Әкемнің аузына енді құм құйылар"- деп ойлаған баласы  қарамағаындағы жігіттерге  ауылдағы әкесін алдына алып келуді бұйырыпты. Әкімнің бір сөзін екі етпестен жіберген қызметкерлері жайбарақат егін алқабында  жүрген шалды әй-шайға қаратпай дедектетіп қалаға ала жөнеліпті. «Әкімге апарамыз» дегенге есі шыққан қарт креслода шәнтиіп отырған өз баласын көргенде ғана жүрегі орнына түсіпті. Аяғын бір-біріне айқастырып, темекісін тұтатқан баласы әкесіне қарап миығынан күле: – Әке, баяғыда маған «адам болмайсың» деп ұрса беретін едің, енді ол ойыңнан еріксіз қайтқан боларсың. Адам болмайды деген ұлың анау-мынау емес, дардай әкім болған жоқ па?! – депті.


Сонда әкесі баласының мына қылығына тағы да күйініп: – Әй, балам, мен саған «әкім болмайсың» деп емес, «адам болмайсың» деп ұрсатынмын. Сен әкім болсаң да, әлі адам бола алмапсың. Егер адам болсаң әкеңді дедектетіп алдыңа әкелткенше, тәкаппарланбай өзің іздеп келіп, халымды сұрар едің ғой! Сыйлайтын едің. Адам болу бір басқа, әкім болу бір басқа. Мен саған сондықтан «адам болмайсың» - деп ұрсатынмын. Әкім болуды адам болдым деп ұқсаң, сен әлі шикісің, балам" – деген екен.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары