Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Араб тілінің ерекшеліктері
10 желтоқсан, 2014 жыл 2283 Басып шығару нұсқасы
arabic-e1331714470659Араб тілінің мыңжылдық тарихы бар. Мұсылмандар үшін араб тілі ең алдымен  Мұхаммед Пайғамбар мен қасиетті Құран Кәрім тілі. Қазіргі уақытта әлемде ислам діні кең таралып келеді. Бұл үрдісті әрине араб тілінсіз елестете алмаймыз. Араб тілі Ислам дінінің бір негізі. Ең басты ерекшелігі де қасиетті Құранның дәл осы араб тілінде түсуі. Жер бетінде 15000 тіл бар. Осы арада Құран неге араб тілінде түсірілді деген сұрақ туындайды. Хафиз Ибн Касир ол туралы мынадай түсінік береді: «Араб тілі – тілдердің арасындағы ең түісінікті және кең таралған тіл. Сол себепті қасиетті Құран осы тілде түсірілген. Және оның түсірілуі қасиетті Рамазан айында басталған».

Құранда араб тілі турал: «Бұл – араб тілі, түсінікті тіл. Шынында біз оны сенің тіліңде жеңілдеттік, олар түсінсін деп» - деген жолдар бар.

Сол себепті де көптеген сахабалар мен Ислам дінінің ғұламалары араб тілін үйренуге шақырған. Умар әл-Хаттаб: «Араб тілін үйреніңдер және өзгелерге үйретіңдер»-дейді.

Имам аш-Шафи’и: «Әр мұсылман араб тілін Алладан басқа Тәңірі жоқ, Мұхаммед Оның елшісі деп айту үшін, сол тілде қасиетті Құранды оқу үшін үйренуі қажет»-дейді.

Хафиз аль-Байхакы: «Араб тілін үйрену адамдар үшін міндет болды. Шынында Алланың рұқсат еткендері мен тыйым салғандарын түсіну үшін, Алла елшісінің айтқандарын түсіну үшін бұл адамдардың бәріне міндет»-дейді.

Сондай-ақ Умар: «Араб тілін үйреніңдер, өйткені ол діндеріңнің бір бөлігі»-деген.

Дінде сөз бен іс бар. Араб тілін білу – дін сөздерін түсінуге жол ашады, ал Сүннетті білу – іс-әрекеттерді түсінуге мүмкіндік береді.

Қазақшаға islam.ru сайтынан аударылды

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары