Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Еріне бойұсынған әйел
24 қараша, 2014 жыл 352 Басып шығару нұсқасы
Muslim Girl Praying (1)

Бір хабарда Пайғағамбарымыз (с. ғ.с) заманында бір кісі алыс сапарға кетіп бара жатып әйеліне: «Мен қайтып келмейінше үйден шықпа!»  деп бұйырады.  Күйеуі алыс сапарға аттанған соң, бір күні әйелге  әкесінің қатты науқастанып қалғаны жайлы хабар жетеді. Әйел  Пайғамбарымызға(с.ғ.с)  бір елші жіберіп: «Күйеуім үйден шықпа деп бұйырды, ал әкем төсек тартып жатыр, барсам бола ма?»-деп сұратады. Пайғамбарымыз(с.ғ.с)    келген елшіге: «Күйеуінің дегенін істесін. Ешқайда шықпа десе, шықпасын» деп жауап қайтарып шығарып салған екен.   Екінші күні «әкең ауыр халде жатыр» деген хабарды тағы естиді.  Үшінші күні «әкең қайтыс болды» деген хабар жетеді. Әйелі күйеуінің айтқанына бағынып үйінен шықпай, ерін еүтіп отырады.  Осыдан кейін Алла Тағаладан  Пайғамбарымыз(с.ғ.с)  уахи етіп: «Қызының күйеуіне бойұсынып үйден шықпағандығы себебінен әкесінің барлық күнәлары кешірілді» деген екен.

Абдуллаһ ибн Масғуддан (р.а) жеткен хадисте: Алланың елшісі(с.ғ.с)   айтты: «Егер әйел күйеуінің бір киімін жуса Алла Тағала ол әйелге мың сауап жазып, мың күнәсін кешеді, күннің көзі түскен әрбір нәрсе оған истиғфар айтады және жәннатта мың есе артық етіп дәрежесін көтереді»-деген.

Арабшадан аударған:
Балқаш теміржолшылары мешітінің бас имамы
Әлімқұл Медет қажы Құралұлы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары