Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Алла үшін жақсы көру және жек көру
27 тамыз, 2014 жыл 982 Басып шығару нұсқасы

Алла үшін жақсы көру және жек көруӘнәс ибн Маликтен жеткен хадисте: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Сендер мәжілістеріңді Маған (с.ғ.с.) салауат айтумен безендіріңдер. Шындығында Маған (с.ғ.с.) айтқан салауаттарың қиямет күнінде сендерге нұр болады».
Әнәс ибн Маликтен жеткен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) (хадисінде: «Шынынды Алланың құлдары бар қиямет күнінде нұрдан жаралған мінберлер қойылады. Олар сол мінберлерде отырады олардың жүздері, киімдері нұрдан. Олар Пайғамбарларда және шаһиттерде емес, оларға Пайғамбарларда, Шаһиттерде қызығып қарайды. Сонда Сахабалар я Расулалла олар кімдер деп сұрайды? Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: Олар бір-бірін Алла ризалығы үшін зиярат қылып, Алла ризалығы үшін бір-бірімен мәжіліс құрғандар деген екен».(Табарони Аусат)
Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) жеткен хадисте: «Алла Тағала Мұсаға (ғ.с.) уахи етіп сұраған екен. Ей Мұса! Менің ризалығым үшін қандай амал қылдың деп сұрайды. Я Рабби Сенің ризалығың үшін намаз оқыдым, ораза ұстадым, садақа бердім, Өзіңді зікір еттім деп жауап береді. Сонда Алла Тағала былай дейді: Ей Мұса! Оқыған намазың өзіңе дәлел, ұстаған оразаң өзіңе қалқан, берген садақаң өзіңе қияметте көлеңке, ал енді Мен үшін не істедің деп сұрайды. Сонда Мұса (ғ.с.) я Рабби маған бір амалды уахи ет сол амал Өзіңнің ризалығы үшін болсын дейді. Сол кезде Алла Тағала ей Мұса! Менің ризалығым үшін біреуді жақсы көріп, біреуді жек көрдің ба? – дейді. Демек, Алла ризалығы үшін біреуді жақсы көру - ізгі істеріне қарай және Алла ризалығы үшін жек көру жаман істеріне қарай, осы амал Алла Тағаланың қасында ең сүйікті амал екеніне көз жеткіземіз».
Хабарда келеді қиямет күні бір адамды мизан таразысына әкеліп амалдарын салғанда күнә жағы басым түсіп Алла Тағала тозаққа бұйырады. Сол кезде адам Алла Тағаладан мұрсат сұрап анамнан сауап алып келейін деп өтінеді. Өтініші қабыл болып анасына барғанда анасы өзінің халі қиындығын айтып сауаптарынан бермей қайтарып жібереді. Содан кейін барлық туған-туыстарына барып сауап алмақшы болғанда ешқайсы сауаптарынан бермей амалы құрып тозаққа айдалып бара жатқанда, сол кезде дүниеде досы болған адам мен бүкіл сауаптарымды бердім, ең құрығанда екеуіміздің біреуіміз тозақтан құтылайық дейді. Досының бүкіл сауабын алған адам пейішке бұйрылып бара жатқанда дауыс келеді, ізгілікке жатпайды досыңды тозақта қалдыру деген. Сол сөзді естіп пейішке бара жатқан адам сәждеге құлап жылап Алла Тағаладан досының кешірілуін сұрайды. Алла Тағала дұғасын қабыл етіп екеуінде пейішке кіргізеді.
Арабшадан аударғандар: Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамдары Бекболат Зүлжаладдинұлы, Дархан Асылтайұлы.





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары