Алла Тағаланың ұлы нығметі мен шексіз сыйына сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын. Ең әуелгі және соңғы мырзамызға Аллатың сәлемі мен игілігі болсын. Оның үй ішіне, сахабаларына, сүйіктілеріне және мүміндердің аналары болған әйелдеріне Аллатың ризалығы болсын.
Алла Тағала Ислам дінін мұсылман отбасылары мен қоғам арасындағы қарым-қатынастар, ғибадат және Алла Тағаланың жалғыздығын баяндау үшін ең Ұлы көркем мінез иесі болған пайғамбарымыз (с.ғ.с) арқылы жіберген болатын. Ислам дінінде (Ахлақ) көркем мінез-құлықтың үлкен орны бар. Ислам этикасы шыншылдық, батылдық, жомарттық, батырлық, адамгершілік секілді адамдықтың ең биік дәрежесіне шақырады.
Осыған орай адамгершіліктің бірден-бір қасиеті ол – уақыттың құндылығын бағалау болып табылады. Осыған орай адам баласы кейде пендешілікке салынып уақыттың қадірін ұмытып, махрұм қалып жатамыз. Дегенмен, Алла Тағала құлдарына Хақ дінін жіберіп, адам өміріне маңызды құндылықтарды жіберді.
Ислам шариғатында уақыттың өте маңызды орны бар. Барша исі мұсылман затына уақытты қадірлеудің ерекше пайдалы екені, берер жемісінің мол екені анық. Бұған дәлел ретінде мұсылманның уақытында белгілі бір заңдылықтар мен жүйенің болуы. Жалпы исламда мұсылманның 24 сағаты белгілі бағаналарға орнығып ретпен жүйеленуі ол үшін пайдалы, ал егер де исламда ондай жүйе қалыптаспаған болса, онда ешқандай да пайдасы болмас еді. Бұған бір мысал адам баласының күнделікті тұрмыс-тіршілігінде болып жатқан әрбір іс-әрекеттеріндегі сүннет амалдарын орындау. Өйткені мұсылманға берілген нығметтердің екі дүние бақытына жетелейтіндігінде сөз жоқ. Демек, мұсылман адамға парыз болған амалдардың әрбіреуінде екі дүниелік сый-сыяпаты болады. Мәселелен күнделікті таң намазына оянып, оны сүннет амалдарымен орындаудың да пайдалары мол. Өйткені таң намазына уақтылы тұрып намаз оқыған жағдайда бірі қияметтік сауабын ала отырып, дүниелік істеріне, соның ішінде денсаулығына да тигізер пайдалары болады. Сондай-ақ, таңда тұрып, Алладан берілген уақыт атауын дұрыс пайдалануына септігін тигізеді. Адамның дүние тіршілігінде һәм алдына қойған мақсаттарына сәттілікпен жетуіне себеп болары анық.
Алайда, дүние тіршілігінде жұмсаған әрбір уақыт-мезетімізден сұралатынымыз да хақ. Өйткені қиямет қайымда адам баласы қайта тірілгеннен соң ең алғашқы сұралатыны ол – уақыт. Исламда уақыттың маңыздылығын осыдан-ақ көруге болады.
Сондай-ақ, махшар майданында әрбір пенденің амал дәптерлері берілген соң, Алла пенделерінен жеке-жеке есеп алады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде әрбір адамнан мына бес сұрақ міндетті түрде сұралатындығын айтады:
1. Ғұмырын қайда өткізгендігі.
2. Жастық шағын қалай өткізгендігі.
3. Мал-дүниесін қандай жолмен тапқандығы.
4. Мал-дүниесін қалай жұмсағандығы.
5. Білгендерімен амал етіп-етпегендігі
(ат-Тирмизи, Қиямет, 1 бөлім, 2416 хадис).
Демек, адам баласы қайта тірілгенде ең бірінше уақыттан сұралатындығын баяндайды. Енді бір хадисте осы сұрақтардан сұралмайынша адамның денесі қозғалмайтындығы жөнінде хабарлайды. Мұғаз ибн Жәбәл (р.а) пайғамбарымыздың (с.ғ.с) былай дегенін жеткізеді:
«Төрт нәрседен сұралмай Қияметке қадам басылмайды, олар: Ғұмырын немен өткізгендігі, жастық шағын қалай тоздырғандығы, мал мүлкін қалай тауып қай жақтарға жұмсағандығы және білімімен не істегендігі», - деген.
Пенде қайта тірілгенде көзі тірісінде уақытының әрбір мезетінен сұралып, амал дәптерін қолына алып оқитын да кезі болады. Әрбіреуімізге амал дәптерлеріміз ұсынылған кезде Алла Тағала «Оқы» деп бұйырады. Енді ойлап қараңыздаршы әрбір пендешілікпен істеген амалымызды Жаратушы Жаббар Хақтың алдында оқудың өзі оңай емес. Алайда, Оның «Оқы» деген бұйрығынан соң оқуымыз қажет. Ендеше, амал дәптеріміз жабылмастан алдын, дәптеріміздің мазмұны мен ондағы жазылу барысындағы әрбір істерімізге көңіл бөлуіміз қажет. Егер де амал дәптерімізде салихалы-ізгі амалдармен толтырған болсақ, онда қандай қуаныш әрі шаттық. Ал егер күнәһар болып, амал дәптерің пасықтыққа толы болса, онда қалайша оқуға дәтің барады?! Алайда, сол амал дәптеріңді оқу Аллатың бұйыруымен – міндет болып табылады.
Сол сияқты кез‑келген тіршілік иесінің тағдыры Алла Тағаланың Ләуһул-Махфузына жазылған соң оның көшірмесін періштелер жасайды. Ал мұндағы Лаухул-Махфуз атауы – тағдыр тақтайшасы. Адам тағдырын Ләуһул-Махфузға ана жатырында жатқан кезде жазатындығын мына хадис баян етеді:
«Сіздерден әрбіріңіздің жаратылысы былай болады: Қырық күн мәни болып ана жатырында күтеді. Содан соң ұйыған қан болып қырық күн тұрады. Содан бір түйір ет болып, тағы қырық күн тұрады. Содан кейін Алла Тағала төрт сөзбен бір періште жібереді. Ол періште оның а) өмірін, ә) рызығын, б) амалының жаман немесе в) жақсы болатындығын Ләуһу Махфузға жазады. Жақсы деп жазған кісі алғашқыда тозақилардың амалын жасайды. Тіпті жаман әрекет жасап тозақпен екеуінің арасы өте жақын қалады. Бұл кезде кітаптағы үкім оның бағытын, тағдырын өзгертіп үстем келеді. Сөйтіп, жәннәтқа баратындардың амалын жасауға көшеді де, ақырында жәннәтқа кіреді. Ал жаман амал жасап тозаққа баратын кісі болса әуелде жәннәтқа апаратын амал жасайды. Тіпті онымен жәннәт арасы өте жақын қалғанда, кітаптың үкімі оның әрекетіне үстем келеді. Сөйтіп, тозаққа баратындардың амалын жасайды. Осылайша тозаққа барады».
(Бухари, Муслим риуаяты).
Демек, әрбір адам баласының өмірін ана жатырында жатқан мезеттен бастап Алланың әмірін бұлжытпай орындайтын періштелер аталмыш тағдыр тақтайшасынан көшірмесін жасайды. Енді біреулер болса Алла Тағала тағдырымызды әу баста жазып қойған істейтін ісіміз белгілі, не болса да Алла жазып қойған деп көп жағдайдаларда тағдырды кінәлайды. Алайда, бұл бұрыс ұғым һәм қате пікір болып саналады. Өйткені Алла Тағала әділдік сипатымен пендеге таңдау еркін берген-ді. Ендеше пенде нені қалап ниет еткен болса, соны Алла жарататыны хақ. Демек, адам баласы уақытын неге жаратамын десе, Хақ Тағала соны жаратады.
Енді кейбір жағдаяттарды мысал ретінде қарастырғанмен ақиқатында шындық болып жатады.
Мәселен: уақытты босқа өткізу, бос сөздер сөйлеу, керексіз істермен шұғылдану, теледидарларды шектен тыс тамашалау, азарттық ойын сауықтар, сондай-ақ кейбір мұсылман елдерінде шылым шегіп, жаппай қор-қор шегу сынды уақыт құндылығын қадірлеуден бездіретін істерге күә болып жатамыз. Ал бұндай іспен шұғылдану жаннаттық сипаттардан бездіріп, мұсылманға жат сипат екендігін Алла Тағала (Муминун сүресінің 3-ші аятында):
وَالَّذِينَ هُمْ عَنِ اللَّغْوِ مُعْرِضُونَ {3}
«Олар, бос нәрселерден аулақ болады»,-деген аят жолында шынай мүмін сипаттарын баяндаған. Жаннат иелері демекші жоғарыда айтылған хадиснамада періштелер «жәннәтқа баратындардың амалын жасауға көшеді де, ақырында жәннәтқа кіреді»,-дегеніне түсінік бере кеткеніміз жөн. Бұл жайында пайғамбарымыз (с.ғ.с):
قال : وأهل الجنة ثلاثة : ذو سلطان مقسط متصدق موفق . ورجل رحيم رقيق القلب لكل ذي قربى، ومسلم . وعفيف متعفف ذو عيال
Ол: 3 түрлі жұмақ иелері болады:
1) Құдай сәтін салған садақа беруші – Әділ билік иесі.
2) Барша жақындары мен мұсылмандарға мейірімді болған, жұмсақ жүректі ер-азамат.
3) Алдына қойған мақсаты бар, сол мақсаттарына тырысқан – қарамағы бар жан.
قال : وأهل النار خمسة : الضعيف الذي لا زبر له ، الذين هم فيكم تبعا لا يتبعون أهلا ولا مالا. والخائن الذي لا يخفى له طمع ، وإن دق إلا خانه . ورجل لا يصبح ولا يمسي إلا وهو يخادعك عن أهلك ومالك " . وذكر البخل أو الكذب " والشنظير الفحاش "
Ол: 5 түрлі тозақтық сипаттар болады:
1) Ешқандай да қадір-қасиеті жоқ әлсіз (нәпсісіне ерген) адам.Олар сендердің араларыңда ергендерден және де олар отбасылары мен малдарына қамқорлық жасамайды.
2) Дүниеқоңыздығы бетіне басқан - Қиянаткер, қиқымдай нәрсе көрсе өзіне алып алатын.
3) Сенің отбасың мен малың да ертелі-кеш алдайтын еркек. (Бөгде әйелдермен күйеулері жоқта ойнас қылатын, сақтауға берген малдарына салғырт қарайтын). Сондай-ақ, ол – (4) «сараң мен өтірікші» туралы да айтып, (5) «сұрапыл-бұзақы»,-деді.
ولم يذكر أبو غسان في حديثه " وأنفق فسننفق عليك"
Әбу Ғассаннан жеткен риуаятында: «Хайырлы істерде сарып қыл, Біз саған сарып қыламыз»,-дегені айтылмаған.
وفي رواية : بهذا الإسناد ، ولم يذكر في حديثه " كل مال نحلته عبدا ، حلال " . وفي رواية : قام فينا رسول الله صلى الله عليه وسلم ذات يوم خطيبا . فقال " إن الله أمرني " وساق في الحديث بمثل حديث هشام عن قتادة . وزاد فيه " وإن الله أوحى إلى أن تواضعوا حتى لا يفخر أحد على أحد ، ولا يبغي أحد على أحد " . وقال في حديثه " وهم فيكم تبعا لا يبغون أهلا ولا مالا " . فقلت : فيكون ذلك ؟ يا أبا عبدالله ! قال : نعم . والله ! لقد أدركتهم في الجاهلية . وإن الرجل ليرعى على الحي ، ما به إلا وليدتهم يطؤها
(Сахих Муслим 126-бөлім, 2865-0)
(2865-1) Мужаши тайпасынан болған Аииада Ибн Хаммарадан жеткізгенінде: «Расында, Алла маған бұйырды...»,-деген хадистін айта келе, Ибн Қатадан жеткен хадисімен жалғастырады: «Сондай-ақ, Алла маған: Бірі-бірінен мақтанып кетпесін деп, бір-бірлеріңе кішіпейіл болуды бұйырды! Бір-бірлеріңе қарсыласпаңдар!»,-деген. Хадисте ол: «Олар сендердің араларыңда ергендерден және де олар отбасылары мен малдарына қамқорлық жасамайды». Сонда мен: «Әбу Абдуллаһ, бұлай болуы мүмкін бе?»,-деп сұрадым. Ол: «Алланың атымен ант етейін, иә. Мен оларды жаһилиет дәуірінде көрдім. Еркісі бөтен біреулердің қойларын бағып, төлдері қалушы еді (Барлығы жұмысқа кеткен кезде, қызбала еркісінің қарауынсыз қалып, белден басуы).
اهل الجنة ثلاثة:
* ذو سلطان مقسط متصدق موفق : مثلاً مسئول أو حاكم عادل ، متصدّق على من هم دونه بإكرامهم وتسهيل أمورهم ، يتتبع الحق وسبيل الرشاد.
* رجل رحيم رقيق القلب لكل ذي قربى ، ومسلم: والمعنى واضح ولا يحتاج إلى شرح.
* عفيف متعفف ذو عيال: يسعى لأن يكون رزقه حلالاً طيباً، ويتأسى بالنبي صلى الله عليه وسلم الذيكان يدعو بهذا الدعاء (اللهم اجعل رزقي كفافا).
3 түрлі жұмақ иелері:
4) Құдай сәтін салған садақа беруші – Әділ билік иесі.
Демек, кез-келген жетістікке жеткен адам, яки әділ әкім. (Алла тарапынан берілген сәттілікті пайдалана отырып, жетістекке жеткен адамның садақа беруі). (Паразитизм-өзге біреудің мүлкіне өмір сүру – жат сипат).
5) Барша жақындары мен мұсылмандарға мейірімді болған, жұмсақ жүректі ер-азамат. (Жүрегі мен көңілі жайсаң адам). /Сыртта бөгде адамдар алдында – дипломат, хош көңілді болып көрінгенімен уйде отбасына керісінше болу басқа/.
6) (العفيف) Алдына қойған мақсаты бар (өзгеден тәуелсіз болу, күні қарамаған адам), сол мақсаттарына тырысқан – қарамағында отбасы, бала-шағасы бар жан. Отбасылы адамның жауапкершілігі де артады, бала-шаға бағу, дұрыс шариғи тәрбие беруші. Демек, жалғыз басты адамның күнім өтсе боғанына қайшы.
Кебір хадистерде (الرياح الجنة) – Жаннат иісі деп келеді, яғни оның иісі мыңдаған жыл бері мөңкіп тұрады делінген де, Алла Тағала мұсылмандарды шақырып тұр.
Пайғамбарымыздың кезінде, саңлақ сахабаларымыз осы аталмыш сипаттарды аша білген. Ал қазір болса бұл жаннати сипаттарды керісінше жабудың амалдары басым десе де болады.
أهل النار خمسة:
* الضعيف الذي لا زبر له : أي تابع ولا رأي له فقط من أجل التبعية والمنفعة التافهه (الذين هم فيكم تبعا لا يتبعون أهلا ولا مالا) فإن كان التابع لأهل السوء من أجل مال أولحفظ الأهل والولد محاسب عند الله ، فما بال الذين لا يبغون مالاً ولا ولدا (فقلت : فيكون ذلك ؟ يا أبا عبدالله ! قال : نعم . والله ! لقد أدركتهم في الجاهلية . وإن الرجل ليرعى على الحي ، ما به إلا وليدتهم يطؤها .) فهمه من رعاية الحي والتبعية هو أن يطأ الوليدة فقط ..أي انحطاط وجاهلية جهلاء بعد ذلك ؟!!!
* الخائن الذي لا يخفى له طمع ، وإن دق إلا خانه: وهو المؤتمن الذي إن تهيأت له ظروف الخيانة لن يتردد فيها. يخون ما استطاع تحت يده ولو كان شيئاً تافهاً.
ولا مطمع لهم ولا مطمح لهم – Қарын тойса, бүгінгі күні өтсе болғаны
* ورجل لا يصبح ولا يمسي إلا وهو يخادعك عن أهلك ومالك. (ما أكثرهم بيننا).
* (وذكر البخل أو الكذب) .
* والشنظير الفحاش: والشنظير بكسر السين والظاء المعجمتين وإسكان النون بينهما: سيئ الخلق وفسره الحديث بـ (الفحاش) وهو البذئ الفاحش من الرجال.
Бес түрлі тозақ иелері болады:
1) Ешқандай да қадір-қасиеті жоқ әлсіз (زبر له) - (нәпсісіне ерген) адам. Адам баласы ағзасы мен денсаулығына көбінесе өзі зиян келтіреді. Сондай-ақ, оларға өздерінің істеп жүрген теріс әрекеттері жайлы айтар болсаң, олар: Құранда келмеген дейді. Кейбір жамағаттарымыз өзіне зиян беріп жатқан жағдайларға немқұрайлы қарап, өздерінің істеп жүрген әрекеттеріне масаттанып, жаман болса да басқаларда істеп жүр ғой деп, нәпсіге берілгендіктен ешкімді тыңдамайды. Олар сендердің араларыңда ергендерден (تبع) – (Басқалардың істегендеріне еріп кетіп, өз қалауы жоқ.) және де олар отбасылары мен малдарына қамқорлық жасамайды (ешқандай да алдына қойған мақсаты жоқ. Бала-шаға, мал-мүлік жинап, жалған қорқыныш – баға алмай қалам деген секілді)./لا رهمة فى الإسلام – демек, Исламда монахтық жоқ/. Керісінше үйленудің өзі – Сүннет!
2) Дүниеқоңыздығы бетіне басқан - Қиянаткер, қиқымдай нәрсе көрсе өзіне алып алатын (Өз қалауына жүзеге асыру үшін барлығын сатып кететін адам.).
3) Сенің отбасың мен малың да ертелі-кеш алдайтын еркек (Таңның атысы мен кештің батуына дейін алдау істерімен шұғылданатын адам).
(Бөгде әйелдермен күйеулері жоқта ойнас қылатын, сақтауға берген малдарына салғырт қарайтын).
4) «Сараң мен өтірікші» туралы да айтып. (күнә істер)
5) «Сұрапыл-бұзақы»,-деді. (الشنظير) – айтылуы қиын сөз (дөрекі, сұрапыл, мінезі ең жаман адам).
Мінеки, осы тозақилардың сипаттарынан – олар осы сипаттардың бір бөлігі ретінде өмір сүретіндер. Бұл сипаттардан арылып, алыс болу керек.
Осыған орай қазіргі таңда белең алған шылым шегу, әуестік және есірткі сынды уақыттың бос өтуімен қоса күнәһарлыққа әкеліп соқтыратын зиянды нәрселер болып табылады. Осыларға жеке-жеке тоқталғанымыз жөн болар.
Шылым шегу арқылы уақытты босқа өткізу: «Шылым шегу сөздің денсаулығыңызға зиянды»,-деген шылым қорапшасында жазылған ескертуге мән бермей жатады. Қазіргі таңдағы мұсылмандар арасында белең алып жатқан өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Дегенмен, шылым шегу зияндылығы тұрғысында бүкіл әлемге мәлім болғанымен тақырыбымызда қарастырып отырған уақыттың құндылығына кері әсерін тигізері сөзсіз. Өйткені адам шылым шеккен уақытта демекші, осы шылым шегу процесінің жүзеге асырылуының өзі орта есеппен кем дегенде – 5 минут уақытыңызды алады. Сондай-ақ, есепеп қарасақ қорапта 20 тал шылымні шегу үшін шамамен 1,5 сағат босқа кетеді. Ал егер де осы 1,2 сағатты жылмен немесе бірнеше жылға шаққанда өміріңіздің қаншама уақыты зая кеткенін сезбей қалады.
Ендеше бұл тұрғыда Ислам ғұламаларының көзқарастарына үңіліп қарар болсақ, барлығы дерлік бірауыздан тыйым салған. Фиқһтанушы ғалымдарының бұл үкімді Аллатың: «Өздеріңді өз қолдарыңмен қатерге салмаңдар»,-деген аятына жүгінген болатын. Сондай-ақ: «Бір-бірлеріңді өлтірмеңдер расында Алла тағала сендерге ерекше мейірімді»,-деген.
Ал шылым болса адам денсаулығына зиянды болғандықтан өздеріне қол жұмсағандармен бірдей болып саналса, ал Аллатың берген малын зиянды нәрсеге жұмсап, сондай-ақ ысырапшылдыққа әкеледі. Ал ысырап ету Құран баян еткеніндей – харам. Құран Кәрімде:
«وَلاَ تُسْرِفُواْ إِنَّهُ لاَ يُحِبُّ الْمُسْرِفِينَ»
«Ысырап етпеңдер, расында Ол ысырапшылдарды жақсы көрмейді»,-деген. Демек, мұндағы ысырап жасау Алланың берген мал-мүлкі мен уақытты босқа ысырап етпеу керек екендігі жайында баяндалады. Ендеше, Алла ысырап жасағандарды жақсы көрмесе, онда қалайша Аллаға сүйікті пенде болуға балады?! Сондықтан да уақытты бағалау, Аллақа құлшылық жасап, Оның әміріне бойысынған болып табылады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с):
لا ضرر ولا ضرار
«Зияны жоқ және өзгелерге зиян етпесе»,-деген хадисін алып қарасақ та шылымның түтіні өзгелерге зиян тигізері сөзсіз. Дегенмен, шылым шегудің зиянды әрі уақыттың босқа өтуін зерделей отырып, шылым деңгейіндегі: қор-қор, наша т.б. тыйым салынған уақыттың бос кетуіне себеп туғызатын зиянды нәрселерді айтып отырмыз.
Сөзімізді қорыта келе адам өміріндегі уақыттың құндылығы өте маңызды екендігін бекітеміз. Сондай-ақ, адам баласы екі дүние бақытына жетелейтін шариғат шеңберлері мен алғы шарттарынан шықпай, уақытын дұрыс пайдаланар болса, әлбетте ұлы жетістікке жетері сөзсіз. Ендеше, исі мұсылман бауырларымызға осы дәйекнамаларды келтіре отырып, соның ішінде тозақи сипаттарды хадистерден саралағанымыздай, жаннати сипаттарға амал жасай ұмтылу, яки тозақтық сипаттарды ескере отырып, оған қарсы амал жасаудың өзі жаннаттық сипаттарынан екендігін баяндаймыз. Сондықтан да уақытты қадірлеп, әрбір мезетімізді Алла Тағалаға құлшылықпен өткізер болсақ, онда Алла Тағала (Кәһф сүресі 30-31):
لَا نُضِيعُ أَجْرَ مَنْ أَحْسَنَ عَمَلاً {30} أُوْلَئِكَ لَهُمْ جَنَّاتُ عَدْنٍ تَجْرِي مِن تَحْتِهِمُ الْأَنْهَارُ يُحَلَّوْنَ فِيهَا مِنْ أَسَاوِرَ مِن ذَهَبٍ وَيَلْبَسُونَ ثِيَاباً خُضْراً مِّن سُندُسٍ وَإِسْتَبْرَقٍ مُّتَّكِئِينَ فِيهَا عَلَى الْأَرَائِكِ نِعْمَ الثَّوَابُ وَحَسُنَتْ مُرْتَفَقاً
«Жақсы амал істеген кісінің еңбегін жоймаймыз»,-дегені бар. Сондай-ақ, аят жалғасында ізгі амал жасағандарды астарынан өзендер ағатын Ғадын жаннатына кіргізетіндігі жайлы баяндап, шынай құлшылық етіп, сүйікті пенделерін сүйіншілеп тұр. Ендеше, жақсылықта жарысып, уақытты дұрыс пайдаланып, ізгі амал жасауға асыққан нағыз ізгі істерден болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Алтай Х. Құран Кәрім. Қазақша мағынасы мен түсінігі. – Медина. 1991. -604-б.
2. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна», 2010. – 592-б.
3. Сейтбеков С.С. Иман негіздері. – Алматы. Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры, 2011.- 376 бет.
4. Тәжібаев С.Қ. Диссертация «ас-Сығнақидың «әт-Тасдид» атты еңбегіндегі мүтәшәбиһ аяттар». 2013 ж. 91-б.
5. Сахих әл-Бухари. /Ү.Шойбек. Қ.Қыдырханұлы./ - Алматы. «Кәусар саяхаты». 2007 ж. 927-б.
Пікірлер