Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қолы жабысып қалған ұры
15 тамыз, 2014 жыл 195 Басып шығару нұсқасы

Қолы жабысып қалған ұрыЕртеде пайғамбарлардың біреуі қол жиып, соғысқа сайланады. Айналасындағы мүминдерді жинап:


Ертең жорыққа аттанамыз, егер араларыңда жаңа үйленген, құрылыс бастап аяқтамаған, қорасында буаз малы болғандар болса әскер құрамына алынбасын, - дейді. Пайғамбардың атағандарынан тыс қалғандары сақадай-сай боп сапқа тұрды. Ертеңінде бес қаруын сайлап қалың қор жорыққа аттанады.


Қан майданда шайқас болып, мүміндер дұшпандарын ойсыратып жеңеді. Жау қолындағы қала алынғаннан кейін пайғамбар мен оның достары намаз оқыды. Алла Тағалаға жеңіс нәсіп еткені үшін шүкір етті. Одан кейін соғыстан түскен олжаны бір жерге жинап, өртеу үшін от қойды. Бірақ неше жерден от қойса да, тұтанбай жанбай тұрып алды. Осы кезде пайғамбар:


Ішімізде олжадан білдірмей зат ұрлаған біреу бар. Ол ұрыны табу үшін әр рудан бір адам шығып, менің қолымды ұстап тұрып ұрының өз руынан емес екенін айтсын, - дейді.


Әр рудан бір-бір адамнан келіп ұрының өздерінен емес екенін айтып жатты. Кезекті бір адам пайғамбар қолын ұстай бергені сол еді, қолы желімдеп тастағандай жабысты да қалды. Ұрылы ру да табылды. Енді осы рудан әр адам өзінің ұры емес екенін айтып ақталу үшін кезекке тұрды. Бұл жол екі-үш адамның қолы жаңағыдай жабысып қалды. Ұрланған алтынды шығарып қазынаға тастағаны сол еді, үйінді лапылдап жана бастады. Ол кезде олжадан алныған мал харам болатын.


Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с) әңгімесін жалғастырып:


Білесіңдер, бізден бұрын ешқандай қауымға соғыстан түскен олжа адал болмаған еді. Алла Тағала олжаны мұсылман үмбетіне ғана адал етті. Бұл да Раббымыздың бізге деген қайырымдылығы, - деді.


Сайтқа дайындаған: Мөлдір Қуандыққызы





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары