Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Денеге сурет салу (наколка, татуировка) шариғатқа қайшы ма?
08 шілде, 2014 жыл 74 Басып шығару нұсқасы

Денеге сурет салу (наколка, татуировка) шариғатқа қайшы ма?Денеге сурет салу шариғатқа қайшы. Себебі шариғат бойынша сурет салу немесе салдырудың үкімі харам. Яғни, тәнге сурет салуға тыйым салынады. Негізінде адам баласы мұндай жаман істерге шайтанның азғыруымен, бұйрығымен барады. Бұл туралы Алла тағала Құранның «Ниса» сүресінің 119-аятында ескерткен. Дененге сурет салу немесе салдыру сияқты мәселелердің негізі Исламнан бұрын болған. Яғни, жаһилият дәуірінде кейбір адамдар пұттарының суреттерін кеуделеріне, қолдарына сызып алатын. Ал Пайғамбарымыз (с.а.с): «Денеге сурет салғанға да, салдырғанға да Аллаһ ешісінің лағынеті жаусын» деу арқылы сурет салуға болмайтындығын қатаң түрде ескерткен. Сондықтан денеге сурет салдырудан сақтанған жөн. Исламды кейіннен қабылдаған жан бұл істің харам екенін кеш білсе, денесіндегі суретті кетірген абзал. Ал кетпейтіндей болса Алладан кешірім сұрап тәубе жасау керек. Сондай-ақ қайтыс болғанда сурет салған жерді кесіп алып тастайды екен деген сөз дұрыс емес. Алла тағала шынайы ықылас, ниетпен жасалған тәубені қабыл етеді. Пайғамбарымыздың (с.а.с) Амр ибн Асқа (р.а): «Исламға кіру бұрынғы күнәларды жояды» деген хадисі де осыны анықтай түседі.





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары