Бүгінде интернетті пайдаланбайтын адам жоқ шығар сірә. Өзінше бір әлем болған әлеуметтік желілердің «тұрғындары» сағат сайын емес секундына сан түрлі тақырыптарды қызу талқылап жатады. Әр қилы пікірлерді білдіру барысында кейбір жастардың «ИншаАлла», «МашаАлла» деп арабшалап ниетін білдіріп жатқандарға, қазақ тілінде «Алла қаласа», «Аллаға шүкір» деп айтсаңдаршы деген қарсы пікірлерді де оқып жатамыз. Одан қала берді тақырып төңірегіндегі пікір жайына қалып, бір-бірімен осы сөздердің дұрыс, бұрыстығын айтып дауласуға әрекеттенеді. Жастардың тілімен айтқанда бұл сәнге айналып бара жатқан жоқ па? Бұл сөздерді қай тілде айтқан абзалырақ? Не айырмашылығы бар? деген сауалдармен Қарағанды облыстық орталық мешіттің ұстазы Нұрбол Сайлауұлынан сұрап көрген едік.
Ұстаз бұл жайында:
«Әр заманның жастары бір жайттарға еліктеуі, тез үйренуі үйреншікті жағдай. Бірі жақсы жайттарға еліктесе енді бірі жаман әрекеттерге тез үйір болады. Алайда қазақ жұртына «МашаАлла», «ИншаАлла» деген сөздердің айтылуы таңсық емес. Бұл сөздерді жастар кез-келген орында айтардан бұрын оның не мағына беретіндігіне мән берілері керек. Аталмыш сөздер жайлы Қасиетті Құран аятында «وَلَولا إِذْ دَخَلْتَ جَنَّتَكَ قُلْتَ مَا شَاءَ اللَّهُ لا قُوَّةَ إِلَّا بِاللَّ
- өз бақшаңа кірген сәтте, Бұл Алланың қалауы, Алладан басқа ешбір қуат жоқ», - деп неге айтпадың?» (Каф-39.) деген сөздер кездеседі. Яғни адам баласы егер өзі бір нығметке жетсе менменсімей «Бұл Алланың қалауы» деп айту керек. Егер басқа біреу бір нығметке жетсе оған қызғаныш танытпастан «Бұл Алланың қалауы» деп айту керек. « وَلَا تَقُولَنَّ لِشَيْءٍ إِنِّي فَاعِلٌ ذَٰلِكَ غَدًا إِلَّا أَن يَشَاءَ اللَّهُ وَاذْكُر رَّبَّكَ إِذَا نَسِيتَ وَقُلْ عَسَىٰ أَن يَهْدِيَنِ رَبِّي لِأَقْرَبَ مِنْ هَـٰذَا رَشَدًا
- ешбір істі «осыны ертең істеймін»,- деп қадап айтпа. Мұны да “Алла қаласа жасаймын»-деп айтқан жөн болады» - деп келтірген.
Сауалдарымызға осылай жауап алдық. Бұдан түйер ойымыз, Құран аяттарында Алла Тағала құлдарына түрлі жайттардағы сөйлеу әдебі мен сенім түрін баяндағанына куә болдық. Айтылған сөздер Құран сөздері. Демек, кейінгі буын жастарымыз бүкіл жақсылық пен екі дүние бақытына жетелейтін қасиетті Құранға еліктесе бұдан жаман болмайды. Ал, «Арабтарға еліктемей қазақ тілінде айтса болады ғой», - деп айту да тым артық кеткендік. Өйткені Құран Кітап араб тілінде түсірілгенін, Ислам әлеміне берілген үлкен сый екенін ұмытпағанымыз жөн.
Мөлдір Қуандыққызы
Пікірлер