Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Салауаттың дұғаға берер себебі
01 шілде, 2014 жыл 294 Басып шығару нұсқасы

Салауаттың дұғаға берер себебіАнас ибн Малик (р.а.) жеткізген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Кімде-кім дұға қылсада аспанмен жер арасында перде болады, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтылмайынша сол пердеден дұға өтпей тұрады». Бір хикаяда келеді: «Ерте заманда өткен ізгі амалы бар жақсы кісі намазда әттәхият дұғасын оқып, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтуды ұмытып кетеді. Сол күннің түнінде әлгі адамның түсіне Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) кіріп: «Сен Маған (с.ғ.с.) намаздағы салауаттарды неге айтпадың?»-деп сұрайды. Сонда ол кісі: «Ей Алланың елшісі (с.ғ.с.) мен Алла тағалаға мадақ айтып, құлшылық қылып, сізге (с.ғ.с.) салауат айтуды ұмытып кетіппін»-дейді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.), «Сен Менің (с.ғ.с.) сөзімді естімедің бе? Амалдар мен дұғалар қабыл болмайды, Маған (с.ғ.с.) салауат айтылмайынша, егерде бір адам қиямет күнінде осы дүниені толтыратындай жақсықпен келіп, Маған (с.ғ.с.) салауат айтпаса, оның істеген жақсылығы қабыл болмайды.»
Бір риуаятта: «Мұса (ғ.с.) Алла Тағалаға дұға қылып, Я Раббым! Маған (ғ.с.) берген жақсылықты, яғни менімен тілдестіңіз осындай дәреже басқа бір адамға беріледі ме?»-деп сұрайды. СондаАлла Тағала, ақыр заман таянғанда шығатын құлдарым бар, Мен оларды рамазан айымен ұлықтаймын. Мен оларға сеннен де (ғ.с.) жақын боламын. Мен сенімен (ғ.с.) тілдестім арамызда 70 000 перде бар, ал сол үммет оразаларың ұстағанда еріндері ағарып, жүздері сарғайып ауыз ашар уақыты келгенде Мен арадағы пердені алып тастаймын. Ей Мұса (ғ.с.) қандай қуаныш сол оразада шөлдеп қарны ашқан адамға, ол адамның алар сауабы Менің жүзімді көру.
Қиямет күні ораза ұстаған адамдар қабірлерінен шыққанда оразаларын таниды. Ораза сол адамдарды әр түрлі тағамдармен қарсы алады. Адамдар қиямет есебін беріп жатқанда, ораза ұстаған адамдарға сендер шөлдедіндер елдер су ішіп жүргенде, сендер аш болдыңдар, елдер тамақ ішіп жүргенде делінеді.
Құрметті бауырлар! Қасиетті Рамазан айы мүбәрәк болсын. Алла тағала Рамазан айында ұстаған оразаларымызды қабыл қылып, ұстамағандарымыздың көңілдеріне таупық һидаят берсін. Алла тағала оқыған намаздарымызды, тартқан тәсбих, түсірген хатым құран, берген садақаларымызды, ауыз ашар құдайы дәмдерімізді қабыл қылсын.



Араб тілінен тілінен аударғандар Қарағанды облыстық орталық мешіттің наиб-имамдары: Қосмағамбетов Бекболат, Кәрсембай Дархан





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары