Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сіз қалай пайдаланып жүрсіз?
28 маусым, 2014 жыл 153 Басып шығару нұсқасы

Сіз қалай пайдаланып жүрсіз? Күллі әлемді жаратқан АЛЛА-Тағала еркіндікті де жаратыпты. Оны кімге берсем деп ойлана отырып «Тіршілік содан нәр алады, бәрін көтерсе де қыңқ демес қара нарым ғой, осы еркіндікті Жерге беріп көрейінші» десе, қара Жер: «Жоқ, АЛЛАм, маған оны бере көрмеші? Сол еркіндікті иеленем деп, паңданып, пендешілікке салынып, бір сәт орбитамнан шығып кетсем қандай масқара болмақ! Мен оның жазасын тартқым келмейді!» – депті. Сосын АЛЛА ол еркіндікті екеніші алып – тауға сыйламақшы болады. Сонда көк аспанмен таласатын тау да «Жоқ АЛЛАм, маған бере көрмеші? Мына алып денеммен сен жаратқан жаратылыстың бір пұшпағын құртып кетуім мүмкін ғой. Тозақ отына өртенгім келмейді пендешілікке салынып!» – депті. Ағаштар да: «Біз бір өзіңді мәңгілік зікір етіп тұра берейік! Еркіндікке ие болып қатты діңгегімізбен әлдекімді ұрып, әлдекімге зәбір көрсетсек, оның айыбын өтеу қиын біз үшін!» – деп жалбарыныпты. Еркіндік мәселесі адамға келгенде ол еш ойланбастан: «Жақсы, АЛЛА-Тағала! мен ол еркіндікті алғым келеді» – деп алған екен дейді. Сол күннен бастап басқа күллі жанды-жансыз тірлік өздері қалаған еркіндіксіз ғұмырға ие болса, адам баласы еркін өмір сүріп келеді екен. Ол не істеймін дейді – өз еркі. Осы еркіндікті сіз қалай пайдаланып жүрсіз


Дайындаған: Азамат Серікхан





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары