Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Талшын ағашы
02 маусым, 2014 жыл 1185 Басып шығару нұсқасы

Талшын ағашыЖамбыл айыпкерді нұсқап:


– Сот мырза! Мен өткен жолы шетелге кетіп бара жатып, мына кісіге гауһар тасты жүзікті аманат ретінде тастап кеткен едім. Енді сол жүзігімді бермей жатыр, – деп шағымданды.


Сот айыпталушы Убайдулладан:
– Мына кісінің жүзігін неге бермей жүрсің? – деп сұрағанда, Әбдірахман: – Өтірік айтады. Ол маған ештеңе қалдырған жоқ, – деді мізбақпастан.
– Жүзікті осы кісіге бергеніңді көргендер бар ма? – деп сұрады сот. Сонда Жамбыл:
– Жоқ. Бір талшын ағашының астында жүзікті осыған бергенімде, қасымызда ешкім жоқ болатын.
Мән-жайды ұққан сот Жамбылға дереу сол жерге барып, талшын ағашының бір бұтағын алып келуді, ал Убайдуллаға «осында күт» – деді бұйырып. Арадан сүт пісірім уақыт өткенде сот Убайдуллаға қарап: – Жамбыл қайда жоғалып кетті? Қане, терезеден қарашы, келе жатыр ма екен? – дегенінде, Убайдулла орнынан қозғалмастан:
– Ол жерге барып келу үшін кемінде 3 сағат уақыт қажет. Өте алыс, –деп айтқанын өзі де байқамай қалды. Сөзден ұстаған сот:
– Әй, өтірікші! Жүзікті алмаған болсаң, талшын ағашының алыста екенін қайдан білесің? Сен Пайғамбарымыздың «Өтірік айту жамандыққа, ал, жамандық адамды тозаққа жетелейді». – дегенін білмеймісің? – деп айқайға басып, оны ауыр жазаға тартты.





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары