Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Рабиға Ғадауия жайлы бір хикая
29 мамыр, 2014 жыл 401 Басып шығару нұсқасы

Рабиға Ғадауия  жайлы бір хикаяБір күні Хасан Басри, Малик ибн Динар және Сәбит Банани Рабиға анамызға келеді. Хасан Басри тұрып біздің бірімізді таңда, некені Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті екенін білесің дейді. Сонда Рабиға анамыз менде сұрақтар бар, сол сұрақтарыма жауап берген адамға тұрмысқа шығамын дейді. Бірінші сұрағым мисақ күні Алла Тағала адамдардың жандарын жаратып тозаққа кететіндерімен, жәннатқа баратындарды арасын ажыратқанда менің жаным қай жаққа кетті деп сұрайды. Сонда Хасан Басри білмеймін деп жауап берді. Рабиға анамыз сұрағын жалғастырып мен анамның құрсағында жатқанда періште келіп мені бақытты ма әлде бақытсыздардан жаздыма деп сұрайды. Жауабына Хасан Басри тағы да білмеймін деп жауап береді. Рабиға анамыз бір адамға қорықпа саған еш қорқыныш жоқ деп айтылса, басқа бір адамға біз сені сүйіншілемейміз делінеді, мен солардың қайсысынан боламын дейді. Хасан Басри білмеймін дейді. Бір адамдарға қабірі жәннаттың бір бақшасы болса, басқа бір адамдарға тозақтың бір шұнқыры болады, менің қабірім не болады деп сұрайды. Білмеймін деп Хасан Басри жауап қатады. Рабиға анамыз сұрақтарын жалғастырып қиямет күні мүминдердің жүзі жарық болып, Құдайға қарсы шыққандардың жүзі қара болады, мен сол топтардың қай жағында боламын деп сұрайды. Хасан Басри білмеймін дейді. Ғарасат аланыңда періште пәленшенің баласы пәленше сен бақыттылардан болдың жәннатқа кіресін, ал басқа бір адамның атын айтып сен бақытсыздардан болдың тозаққа кетесін дегенде, мен қай жағына кетемін дейді. Білмеймін деп Хасан Басри жанындағы кісілермен шығып кетеді.
Басқа бір риуаятта Рабиға анамыздың жолдасы қайтыс болады. Күйеуі қайтыс болған Рабиға анамыз перде құрып келген кісілермен перденің ішінде отырып адамдарға көрінбей сөйлесетін болған. Осы хабарды естіген Хасан Басри сөз салып үйленгісі келгенін білдіреді. Сонда Рабиға анамыз сұрақтарыма жауап берсең сізге шығамын дейді. Хасан Басри Алла Тағала тауфиқ берсе жауап берерміз деп сұрақтарыңызды қойыңыз дейді.
Бірінші сұрағым Мен өлсем иман мен өлемін бе, әлде имансыз өлемін бе?- дейді. Хасан Басри бұл ғайыптан, ғайыпты Алла Тағала ғана біледі.
Екінші сұрағым мен қабірге түскенде періште келіп сұрақтарын қойғанда жауап бере аламын ба, әлде бере алмаймын ба? Бұлда ғайыптан дейді Хасан Басри.
Үшінші сұрағым адамдар қиямет алаңына жиналғанда амал кітабым қай қолыма беріледі. Бұлда ғайыптан білмеймін дейді Хасан Басри.
Төртінші сұрағым адамдарды тозақпен пейішке бөлгенде, мен қай топта боламын. Хасан Басри бұл да ғайып білмеймін дейді. Қай бір адамның бүкіл ойы осы төрт сұрақ болса, ол адамға үйлену ойы қайдан келсін дейді Рабиға анамыз. Хасан Басриға маған айтыңызшы ақылды Алла Тағала неше жүзден жаратты. Хасан Басри он жүзден, тоғызын еркекке беріп, бірі әйелге берілді дейді. Нәпсіні неше жүзден жаратты деп сұрағанда, Хасан Басри нәпсідә он жүзден, тоғызы әйелге берілсе, бірі еркекке берілді дейді.
Осыны естіген Рабиға анамыз Хасан Басриге Я! Хасан Мен тоғыз нәпсімді бір ақылмен ұстап тұрмын, сен болсаң тоғыз ақылмен бір нәпсіге ие бола алмай тұрсын ба дегенде, Хасан Басри жылап шығып кетеді.





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары