Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Намаз оқымаған кәпір ме?
26 наурыз, 2014 жыл 498 Басып шығару нұсқасы

Намаз оқымаған кәпір ме? Бұл дінде сену мен бойұсыну бар. Сену иман болса оның тірегі бойұсыну ислам болып табылады. Құран аяттары мен хадистердің мағыналары осыған меңзейді. Пенде асыл дінге шынайы сенгені ол, асыл пайғамбарымыз алып келген дінді толығымен хақ екенін жүрегімен растау. Ол жүректегі сенімі Алла мен пенденің арасындағы сыры. Оған ешкім де үңіле алмайды. Бұған ақырдың Пайғамбары ғазауаттардың бірінде өз сахабасына айтқан сөзінен аңғара аламыз. Ол сахаба (р.а.) соғыс кезінде қылыштасып жатқан мүшріктің қолынан қаруы ұшып, өзі құлайды да «Алладан өзге тәңір жоқ» деп айтады сонда ол сахаба бұл сөзді өлімнен қорыққанынан айтты деп ойлап оны өлтіреді. Болған жайтты Пайғамбарға естірткенде Алланың Елшісі (с.ғ.с.): «Сен Алладан өзге Тәңір жоқ деген кісіні өлтірдің бе?»- деп таңырқайды. Сонда ол сахаба (р.а.): Алланың Елшісі ол өлімнен қорыққаннан ғана айтты ғой дегенде Рахман Елшісі (с.а.с.): «сен оның жүрегін ашып көрдіңбе деп ұрысады», тағы басқа риуаяттарда «ол қиямет күнінде калимамен келсе қайтпексін» дейді. Иман –сенім Рахманның пендеге берген ең үлкен неғметі. Алла Тағала өзі қалаған пендесіне ғана береді. Жүрегі сенбей, бірақ исламның тілектерін орындағандар қашанда жүрегімен хаққа сенбейінше иманды жан бола алмайды. Расында мұнафықтар Алладан өзге тәңір жоқ, Мұхаммед (с.ғ.с.) оның Елшісі деп айтып, бұйырылған намаздарды оқыса да, Алла Тағала оларды өтірікшілер екенін баяндап: « و الله يَشهد إنَّ المُنافِقُون لكاذِبون – Алла екіжүзділердің өтірікші екеніне куәлік береді» дейді. Бұл екі жүзділер қаншалықты намаз, ораза тағы басқа да ислам бұйрықтарын орындаса да, Алла олардың болмысын жарыққа шығарып ашып берді. Олар жүрегімен толықтай сенімге келмейінше иманды бола алмайды. Сондықтан да иман ол пенденің сенімі яғни адам баласы ақырдың Пайғамбары (с.ғ.с.) алып келген дінге толықтай иланып, бұйырғанын парыз, тыйғанын харам екендігіне сенуі тиіс. Ал бұл сенім адамның ісінде көрініс тапса, ол амал деп аталады. Ендеше адам баласына парыз етіп бұйырылған көптеген амалдар бар. Солардың бірі НАМАЗ. Егер намаз амалын орындамаған адамды кәпір дейтін болсақ, онда бұл жағдайға бірнеше тиістемелер міндеттеледі.Адам баласы сенімдік тұрғыдан бір іс жасаса, ол пенденің жүрегіндегі сенімінің көрінісі болып саналып, ол амал деп аталады. Ендеше адам баласына парыз етіп бұйырылған көптеген амалдар бар. Солардың бірі НАМАЗ. Егер намаз амалын орындамаған адамды кәпір дейтін болсақ, онда бұл жағдайға бірнеше тиістемелер міндеттеледі. Ең сорақысы егер пенденің намазы қаза болса ол намазының қазасын қайта өтегенге дейін кәпір күйінде болады деген түсінік келіп шығады. Ал пенде ешқашан имандылық пен күпірліктің арасында бұлай қатынамайды. 2- ал енді ол пенде намаз қазасын орындамай тұрып одүниелік болып кетсе кәпір күйінде өлген болып саналады. 3- кәпір күйде өлген адам жуындырылмайды әрі кепенделмейді. 4- оған жаназа намаз оқылмайды. 5- оны мұсылмандардың қабіріне жерлемейді. Бұндай тиістемелер шариғат заңдамаларында көрсетілмеген. Намаздың діндегі орны жоғары әрі ол пенденің жүрегіндегі иманының жемісі мен көрінісі болып табылады. Бірақ намаз немесе одан басқа да амалдар пенденің жағдайына байланысты оның мойнынан түсе алады. Біз сол уақытта оларды намаз оқып жүрген жоқ деп дінсіз дей алмаймыз. Мысалы: Алла пендеге бес уақыт намазды парыз етті, енді әрі әйел кісілер, өздерінің сырлы күндерінде намаз олардың мойындарынан түсірілді. Мұндай күндерде бұл жандарды имансыз дей алмаймыз ғой. Сол секілді Алла оразаны парыз етті. Шариғатта әйел кісілер өздерінің сырлы күндерінде оразаны қалдырады да жарқын күндерінде қаза болған оразасын тұтады. Бұл жағдайда ол кісілерге сеніміңді таста, жарқын күндеріңде қазасын өтейсің дей алмаймыз. Міне бұл мысалдарды әрбір сөзіне Құран мен хадисті дәлел еткен ислам тарихында барлық ғұламалар бірауыздан келісіп ұлы имам атанған Әбу Ханифа рахимахуллах өзінің «уасия» атты кітабында келтіреді. Расында амал иманның жемісі. Исламның бірінші тірегі болған «لا إله إلاّ الله محمد رَسول الله - Алладан өзге құлшылық қылуға лайық зат жоқ, Мұхаммед (с.ғ.с.) оның Елшісі деп, шахадат калимасын» айтуы да амал болып табылады. Бірақ бұл амалда пенденің жағдайына қарай оның мойнынан түсетін іс. Егер бір адам дін дұшпандарының қолына түсіп күпір сөзін айтуға мәжбірленсе, қашанда оның жан дүнесі исламға иланып тұрса оған сол сөзді айту дінде рұқсат. Бізге дінде Алла үшін алғашқы шахид болғандардан ясир отбасы. Сонда қатты қиыншылыққа шыдай алмай қүпір сөзін айтқанда, Алла Тағала Құранда: « إلّا مَن أكرِه و قَلبُهُ مُطمئن بالإيمان – тек кім мәжбүрленіп, бірақта жүрегі иманға сенімде болса» деген аятын нәзіл етті. Және Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ол сахабаға: «كَيف وَجدت قَلبك - бұл сөзді айтқанда жүрегіңді қай күйде таптың» дейді ол (р.а.) жүрегім жайбірахатта болды дейді. Сонда пайғамбарымыз « إن عاد عُد - егер олар бұл ісін қайталаса сенде қайтала» дейді.
Амал пенденің иманының кемелділігі болып саналады. Енді бір адам Алланың соңғы Елшісі алып келген дінге жүрегімен иман келтірсе ол мүмин жан. Шариғат заңдарына бойұсынса ол муслим жан болады. Ол егер өзінің нәпсісінің жалқаулығы себепті намаз немесе басқа да амалдарды орындамаса ол қателікке бой алдырған жан болады. Әрине әрбір адам қателік жасайды. Пайғамбар (с.ғ.с.) өз хадисінде: «Барлық адам баласы қателесуші бірақ қателесушілердің ең жақсысы тәубе етушілері» - дейді. Дінді ашық түсінген дана халқымыз былай дейді: «Адасқанның айыбы жоқ, қайта айналып үйірін тапса» - дейді. Алайда діннен шығып кәпір болмайды!


Нұрбол Тағаев


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары