Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қабір – ақырет аялдамаларының алғашқы аялдамасы
13 наурыз, 2014 жыл 682 Басып шығару нұсқасы
Қабір – ақырет аялдамаларының алғашқы аялдамасыИлияс (а.с.) күндердің бір күні отыр еді, өлім періштесі оның рухын алу үшін келді. Өлім періштесін көрген соң бірден қатты жылай бастады.
Өлім періштесі одан сұрады:
Бұл жылау-сықтау не үшін, әй, Алланың Пайғамбары? Дүние үшін жылап жатырсың ба, өлім үшін жылап жатырсың ба?
Илияс ( а.с.) былай дейді:
Жоқ, айтқандарыңның ешбіреуі үшін емес. Алланы зікір ете алмай қалатыным үшін жылаймын. Міне, ол кезде бір топ кісілер бір жерге жиналып Алланы еске алады, бірақ мен олардың арасында болып Алланы еске ала алмайтыныма қамығамын.
Сонда Алла Тағала өлім періштесіне былай уахи етті:
Оның рухын алма, өйткені ол мені зікір ету үшін өмір сүргісі келеді, өзі үшін емес. Әй, өлім періштесі, сол үшін оны өз жағдайына жібер. Дүниенің соңына дейін зікірмен өмір сүрсін, бақшаларымда жүрсін.
Хазіреті Осман (р.а.) жөнінде былай деп айтылады:
Бір қабірдің басына келген кезде сол жерде тұрып жылайтыны соншалықты, сақалы суланатын еді.
Одан сұралды:
Әй, Әмирул Мүминин, тозақтың оты туралы айтасың, қиямет күнінің қорқынышты жағдайларынан айтасың, бірақ жыламайсың, қабірді көрген кезде жылайсың?
Былай деп айтты:
Расулуллаһ (с.ғ.с.) былай бұйырды:
«Қабір – ақырет аялдамаларының алғашқы аялдамасы. Бір кісі қабірдің қиыншылықтарынан құтылатын болса, қалғандары оңай. Бірақ, бір кісі қабірдің қиыншылықтарынан құтыла алмайтын болса, онда кейінгісі одан да қиын».
Сосын әңгімесін былай деп жалғастырды:
Тозақтағы оттың ішінде болсам, басқа адамдармен бірге болам, қиямет күні Махшар майданында тұрған кезде және адамдармен бірге болам. Бірақ қабірде жалғыз басым қаламын, ешкім менімен бірге болмайды, міне, сол үшін жылаймын.

Сайтқа дайындаған:
Райымбекова Ақерке


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары