Тілдік нұсқа
Радио

мақала

«Менің пірім – Пайғамбарым»
14 ақпан, 2014 жыл 469 Басып шығару нұсқасы

«Менің пірім – пайғамбарым»Бізге Мәуліт айы келді, яғни адамзаттың асыл тәжі, көзіміздің нұры, жүрегіміздің сәулесі, рухани дертіміздің дауасы, қиямет күнінің шапағатшысы, адам баласының сұлтаны Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған айы.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисінде Алла Тағала Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) сен болмасаң, бұл дүниені жаратпас едім деген. Жәбир деген сахаба Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп: Я Расулулла (с.ғ.с.) Алла Тағала әуелде не жаратты деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Менің (с.ғ.с.) нұрымды жаратты, ол кезде кеңістікте, жәннат та, тозақ та, жындар да, адам да жоқ еді. Сол нұрды Адамға (ғ.с.) салды. Содан сол нұр Адам (ғ.с) ата ұрпағынан ұрпаққа өтіп, шын иесі Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп қонады. Сол нұр Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әкесіне келгенде, яһудилердің қолындағы Зәкәриянің (ғ.с) қаны кепкен көйлек, жіпсіп қайтадан тама бастайды. Осы белгіден олар ақырғы Пайғамбардың әкесі дүниеге келгенін білген. Уақыт өте келе Абдулла Әмина анамызға үйленіп осы дүниеге, екі дүниенің сәруарі Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) келеді. Содан Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дүниеге келмей жатып әкеден жетім қалады. Сонда періштелер Я Алла ең сүйікті құлыңды жетім қалдырдың ба дегенде, Алла тағала оны қамқорлығыма өзім алам деген екен.
Арабтардың әдеті бойынша қалада туған балаларды қаланың ауасы жақпайды деп, қаланың сыртында тұратын адамдарға асырауға беретін болған. Осындай әдеттің себебімен Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Халима анамыздың үйінде болады. Халима анамыздың еске алуларын қарасақ, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) басқа балалар сияқты жүгіріп келіп, біреудің алдындағы тамаққа қол созбай, алдындағы тұрған тағамнан ішіп, тоймаса да соған қанағат қылатын болған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сол үйге келгеннен бастап, үйлеріне береке кіріп, ешкілерінің сүті молайып, бұрын жетпей жатқан тамақ артылып қалып отырған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) төрт, бес жасқа келген кезде балалармен далада ойнап жүрген кезде, екі ақ киімді кісі келіп, тасқа жатқызып, кеудесін кесіп ішіндегі жүректі алып қара қаңды алып тастайды, осыны көрген балалар шошынып үйге жүгіріп келіп айтады. Халима анамыз жүгіріп барса Пайғамбарымызды(с.ғ.с.) түсі бозарып кеткен тастын үстүнде отырғанын көреді. Осы оқиғадан кейін Халима анамыз, қорыққанынан Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) Амина анамызға қайтып береді. Осындай жүрегін тазалау Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмрінде үш рет болған. Біріншісі бала кезінде, екіншісі қырық жасында, үшіншісі миғраж түнінде. Жанында жүрген кісілер Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) бала кезінен өскенде үлкен кісі болатынын сезіп жүрген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жиырма бес жасқа келгенде Хадиша анамызға үйленеді. Үйленбестен бұрын Хадиша анамыз саудамен айналысқан екен. Сол керуенін басқарып баратын адам іздейді, сол кезде Абу Талиб өзінің бауыры Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) ұсынады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) келіп, Хадиша анамызбен сөйлескенде Хадиша анамыз Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) риза болып, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) «Мен білем сіздің шыншыл адам екеніңізді, осы ісімді сізге тапсырсам, жақсы атқарып келсеңіз мол сыйлық берем», деп уәде береді. Құлы Майсараға Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) қорғап жүруін тапсырады. Себебі, ағасы Уарақа ибн Науфәл арқылы ақырғы Пайғамбардың келетінін және сипаттарын біледі. Сауда керуенмен сапарға шыққанда бала кезінде жүріп өткен ізімен жүреді. Бұрынғы бала кезінде көрген Бахира қайтыс болып кетіп, орнында Настура деген кісі отырады. Настура керуенді бақылап отырады. Ертедегі бала кезінде демалған талдың түбіне барып отырғанда, кеуіп кеткен тал қайтадан бүршік атып жапырақ салады. Осы оқиғаға куә болған Настура, бұл талдың түбіне Пайғамбарлардан басқа адам отырмайтынын білген еді. Бірақ жүрек түбіндегі ойларын растау үшін Майсарадан «ана талдың түбінде отырған кісінің көзі қызғылт тартып тұрама?»-деп сұрайды.
Ал Майсара иә деп жауап бергенде, бұл талдың түбінде тек Пайғамбарлар ғана отырады, бұл кісі ақырғы Пайғамбар болады, сол заманда тірі болсам ғой деп армандайды.
Осы сапарынан оралғаннан кейін Хадиша анамызға үйленіп алты бала сүйеді. Хадиша анамызбен он бес жыл өмір сүргенінен кейін пайғамбарлық қонады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) пайғамбарлық қонғанға шейін уақытының көп бөлігін Хира үңгірінде өткізетін болған. Бір күні Жәбрейіл (ғ.с) келіп Оқы деп әмір еткенде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қорқып үйіне келіп оранып жатып қалады. Сонда Хадиша анамыз сіздей адамға жын - шайтан жоламайды, сіз шыныменен пайғамбарсыз. Сізге Мұсаға (ғ.с), Исаға (ғ.с) келген Жәбрейіл «ғ.с» періште ғой деп, ең бірінші Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) иман келтіреді.
Бірде Айша анамыз Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Хадиша анамызды еске алып отырған кезінде, Алла тағала одан да жақсы әйел берген жоқпа дегенде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ашуланып, Жоқ берген жоқ. Елдің бәрі қарсы шыққанда ең бірінші иман келтірді, басқа әйелден көрмеген баланы Хадишадан берді. Енді бұлай Хадиша туралы айтуға қатаң тиым салады.
Бұданда басқа дәл бүгінгі күні Пайғамбарымыз «с.ғ.с.» жайлы ойлар көп.
Пайғамбарға (с.ғ.с.) түркі халықтарында сүйіспеншілік пен құрмет-ізет, мадақтау, мақтау мақсатымен жазылған әдеби шығармалар көп туындаған. Мәселен, Жүсіп Баласағұнидің пайғамбарымызға (с.ғ.с.) алғаш мадақ жыр жазған ақын екені барлық түркі жұртына мәлім. Ол өзінің «Құтты білігінде» хазреті Мұхаммедті (с.ғ.с.) халқына танытып, сүйдіруді мақсат тұтқан. Жүсіп Баласағұнидің бұл өлең шумақтарынан пайғамбарымызға (с.ғ.с.) деген ыстық ықылас пен терең сүйіспеншілікті анық көруге болады.
«Пейіл бұрдым енді оның жолына» деп Алла елшісінің (с.ғ.с.) жолы адамдарды бақытқа жетелейтінін, «Сүйдім сөзін, сендім ділі оңына» дей отырып, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистері мен сүннетін ұстануды халыққа уағыздайды.Одан кейінгі дәуірде жалпы түркі халықтары, әсіресе, қазақ даласына Исламның таралып, жүрек төрінен орын алуына сүбелі үлес қосқан Ахмет Иассауи бабамыздың «Диуани хикмет» шығармасы – бейне бір мадақ жыры іспетті. Әрбір парағынан хазреті Мұхаммедке (с.ғ.с.) деген терең
махаббатты көруге болады деген даналық ойлары еске оралады.
Сонымен қатар, Абайдың:
«Алла мінсіз, әуелден пайғамбар хақ,
Мүмін болсаң,үйреніп, сен де ұқсап бақ»,дейді.
Кеңес одағы кезіндегі қаншама қыспаққа, қудалауға қарамастан,халықтың жүрегінен өшпеген пайғамбарға (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілікті қазақтың ақиық ақыны Мұқағали :
«Сатпаймын, сатқан емен дінімді мен,
Өлмейтін, өшпейтұғын күнім білем.
Таппайтын күнде тыным,түнде тыным
Мұсылман Мұхаммедтің үмбетімін.
Мұхаммедтің үмбеті мұсылманмын,
Пайғамбарым қолдайды қысылған күн.
Алсын тағалам ант етем, ант етемін,
Алла есімін жүректен ұшырған күн», – деп барша жұртқа паш еткен.
Бұл айда оқылатын арнайы намаз жоқ болғанымен, пайғамбарымызға (с.ғ.с.) көбірек салауат айтып, сәлем жолдаудың сауабы мол деп ойлаймын.


Әлтаев Бақытжан
Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің студенті


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары