Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Құран және ғылым
29 қаңтар, 2014 жыл 522 Басып шығару нұсқасы

Құран және ғылым  Құран Кәрімнің енді – енді кейінгі ғасырларда ғана ашылып жатқан көптеген ғылыми жетістіктерді осыдан он төрт ғасыр бұрын, яғни, микроскоптан, телескоптан мақұрым қараңғы бір ғасырда қорытынды түрде дөп басып айтып кетуі, көптеген батыс-шығыс ғалымдарын таңдандырып, исламға бас идірген. Өсімдіктердегі аналық-аталық ұрықтарының ғылыми тұрғыдан соңғы ғасырларда ғана зерттеліп айқындалғаны белгілі. Ал, Құран мұны он төрт ғасыр бұрын былай деп көрсеткен:
«Жерден өсіп-өнетін барлық өсімдіктерді, өздеріңді және сендердің тағы басқа білмейтін нәрселеріңді жұп-жұп қылып жаратқан Аллаһ қандай пәк» («Иасин» сүресі, 36-аят).
Сондай-ақ, зертеушілердің теңіздердің ерекше қасиетіне байланысты соңғы ғасырда ашқан жаңалықтарының бірі Құранның «Рахман» сүресінде былайша баяндалады: «Аллаһ Тағала екі теңізді ағызды, олар бір-бірімен қабысады, бірақ араларында перде болғандықтан бір-бірімен араласпайды» («Рахман» сүресі, 19-20-аят).
Иә, бір-бірімен қосылып жатса да, сулары араласпайтын теңіздердің жоғарғы аятта айтылған ерекшелігі жақында ғана мұхит зерттеушілері тарапынан Жерорта теңізі мен Атлант мұхитының тоғысқан жерінен табылды. Ғасырлар бойы бір-бірімен түйісіп тұрған теңіз суларының тығыздықтарының әр түрлі болуы – екі теңіздің суларын бір-біріне араластырмай ортада көрінбейтін бір қабырға бардай боп тұрады.
Жердің айналу бағыты жайлы Құранда: «Тауларды көріп, оларды тапжылмай тұр деп ойлап қаласындар. Ал олар болса,бұлттардың көшуі тәріздес жылжуда».(«Нәміл» сүресі ,88 аят). Ибн Масғут (р.а) : «Құран шапағат етеді, иесі үшін жұмыс істейді.Сондықтан кімде – кім Құранды жолбасшы етсе , ол оны жәннатқа жетелейді. Кімде – кім Құран жолын ұстамаса бұл жағдай оны тозаққа жетелейді» - деген.
Бұл сөздің мағынасы: Құран өзін оқып, үкімдеріне амал жасаған кісіге Алла Тағаланың алдында шапағатшы болады. Құран өзін оқымаған, үкімдеріне амал етпеген адамдарға да қарсы куә болады. Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Ақиқатында Құран Алла Тағаланың пенделеріне берген сый-сияпаты, олай болса, ей, мұсылмандар, қолдарыңыздан келгенше Алла Тағаланың сыйлығын үйреніңіздер. Әрбір мұсылман Құранды өзі ғана оқып үйреніп қоймай, оны бала-шағасына да үйретуге міндетті. Себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис-шарифте: «Сіздердің ең жақсыларыңыз – құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендеріңіз» -деген. Құран оқылмаған үйде, тыныштық болмайтынын есте сақтау ләзім. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл туралы хадис шарифте былай дейді: «Үйлеріңізде Құран Кәрім көп оқыңыздар. Себебі құран оқылмаған үйде жақсылық, береке аз болады. Ондай үй іші әрдайым қиыншылықта болады» деген.


Абай қаласының орталық мешітінің найб имамы:
Смағұлов Жасұлан Манапұлы





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары