Тілдік нұсқа
Радио

мақала

«Ең бастысы, жүрегім таза, ешкімге қиянатым жоқ» деп намаз оқуға салғырт қарайтындарға не деуге болады?
28 қаңтар, 2014 жыл 603 Басып шығару нұсқасы
 

«Ең бастысы, жүрегім таза, ешкімге қиянатым жоқ» деп намаз оқуға салғырт қарайтындарға не деуге болады?Бұл құлшылықтың түп мәнін жетік түсінбеуден туындайды. Намаз – тек күнәһарлар мен молдаларға ғана жүктелген жеке міндет емес, әрбір адамның мойнына жүктелген асыл парызы. Құранда Алла Тағала: «Мен адамдар мен жындарды (мені танып), маған ғана ғибадат етсін деп жараттым» дейді. Сондықтан құлшылық – адамзат жаратылысының негізгі мақсаты. Ал ғибадат-құлшылықтың ең ұлысы – намаз. Жүрегі таза, көңілі пәк адамдар, керісінше, намазды көбірек оқулары тиіс. Құлдың намаз оқуы – күнәсінің көптігі емес, керісінше, оның Құдайға бір қадам жақын екендігінің белгісі. Құранда бірнеше жерде тақуа жандардың белгісі ретінде «Тақуа жандар намаздарын толықорындайды»(122)-делінсе, басқа бір аятта шынайы намаздың адамды жаманшылықтан тыятындығын: «Шынайынамаз адамды арсыздық пен жаманшылық атаулыдан тыяды»(123)- деп білдірген. Егер намазды тек қана жүрегі кір, көңілі пендешілікке толы қиянатшыл пенделер ғана оқитын болса, онда күнә атаулыдан пәк пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) әрі Оның артынан ерген қаншама ғұламалар мен тақуа жандар неліктен өле-өлгенше бес уақыт намаздарын қалт жіберместен оқыған. Егер жүрегінің тазалығы үшін намаз


оқымауға рұқсат етілген бір ғана жан болар болса, ол адам 122 Бақара сүресі, (3-аят,) 123 Анкабут сүресі, (45-аят.)– сөзсіз Алла елшісі Мұхаммед (с.а.у.) болар еді. Алайда Ол (с.а.у.), керісінше, күллі адамзаттан артық намаз оқып, құлшылық жасайтын. Иә, Алла елшісі (с.а.у.) бес уақыт парыз намазды былай қойғанда, түн жарымда тұрып «тәһәжжуд» намазын егіле жылап, аяқтары талып, ісігенше оқитын. «Уа,Расулаллаһ, өзіңді неге мұнша қинайсың? Алла Тағаласенің барша күнәларыңды кешірді емес пе?» – деген. Айша анамыздың сұрағына: «Аллаға шүкір ететін құлболмаймын ба?» – деп, намазды тек күнәһар адамдардың оқымайтындығын білдірген. Жүрегім таза, көңілім пәк, намазды басқа жандар оқысын деудің астарында, айтушының терең бейғамдығы жатыр. Олай дейтініміз, адамның Ұлы Иесі алдындағы борышынан алаңсыз болуы – бейғамдық емей немене?


Жүрегім таза, көңілім пәк деу – күнәсізбен деген сөзге саяды. Ал өзін күнәсізбін деген адам, осы сөзімен-ақ күнәһардың нағыз өзі болмақ. Өйткені, күнә істеу –пайғамбарлардан тыс барша адамзатқа тән. Күнәсінің


бар екенін білмеген адам – күнәсін мойындаған адамнанәлдеқайда төмен тұрады. Күнәсінен бейхабар адам күнәсімен қатесін, кемшіліктерін түзеуді мүлде ойламақ емес.Себебі, оның пайымдауынша, ол – күнәсіз, қатесі жоқ


адам. Ал мұндай күйдегі адам жалған дүниеде өзін қаншаақтағанымен, о дүниеге таудай-таудай күнәларын қосаала кетпек. Сол жерде ғана өзінің кінәсін мойындап, тәубеқылмақ. Бірақ ол кезде өкініш пен «әттеген-ай» атаулыдан иненің жасуындай да қайыр болмасы белгілі. Иә, ғаламды жоқтан жаратып, оны ғажайып жүйемен, теңдессіз тәртіппен реттеп, үлкен-кішілі, жанды-жансыз барлық жаратылысты әлсіз адамның ыңғайына жығып, қызметіне бағындырып қойған Ұлы Иемізге шүкір етіп, алғысымызды білдіріп, ұлылығының, құдіретінің, шексіздігінің, кемелдігінің, қысқасы, жалпы Құдайлығының алдында бас иіп, адамдық борышымызды, құлдық міндетімізді атқару үшін міндетті түрде күнәһар құл, жүрегін кір шалған пенде болуымыз шарт емес. Өзінің Ұлы Иесінің алдындағы әлсіздігі мен мұқтаждығын мойындамаған пендеден асқан күнәһар пенде бар ма бұл жалғанда?! Біздер көбіне бұйрықтың, шақырудың қайдан, кімнен келгеніне аса мән бере бермейміз. Егер патша елші жіберіп бір адамды шақыртса, әлгі пенденің құстай ұшып патшаның алдынан табылары сөзсіз. Сол секілді патшалардың патшасы – Ұлы Жаратушы иеміз Өзінің талаптары мен бұйрықтарын білдіретін Құран атты пәрменін Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың қолына ұстатып, оны жер бетіне елші етіп жіберген. Міне, сол «Құран» атты кітаптың сексен жеті жерінде құлдарына бес уақыт намазды тікелей бұйырып, ғибадатқа шақырған. Ал енді жердегі пәни патшаның шақыруына бей-жей қалмайтын пенденің Ұлы Иесінің осы бір «ұлы шақыруына» салғырт қарап, бұйрықтарын елеместен бей-жай жүре беруі немесе «жүрегім таза, ешкімгежаманшылығым жоқ» деп өзін алдап бұлғақтауы дұрыс па? Ендеше, «жүрегім таза, ешкімге зияным жоқ, маған


намаз оқып не керек» деген тәрізді сөздердің астарында Құдайдың қасиетті Құранын, сол кітаптағы Ұлы Иесінің талабын жетік ұғынбау жатқан секілді. Бұл намаздың мәнін, мағынасын түсінбеуден туындаған салмақсыз, әшейін айтылған сылтау болса керек.




Балқаш орталық мешітінің Бас имамы


Марат қажы Аманжолов


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары