Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Әр заманның өз құралы бар
28 қаңтар, 2014 жыл 17 Басып шығару нұсқасы

Әр заманның өз құралы барАлла тағала Құран Кәрімде : «(Мұхаммед с.ғ.с) Сол уақытта Раббың періштелерге: Әрине мен жерде бір орынбасар жаратамын!» - делінген. Бұл аяттың аясында адам баласы жердің асты-үстіндегі нығметтерді, оның игіліктерін пайдаланып табиғатты игеретіндігін білдірген. Өткен тарихымызға көз жүгіртсек ата-бабаларымыз табиғат тылсымдарын дөп басып танып, оны өз орнымен тиімді пайдалануды керемет жүзеге асырған. Мысал ретінде сондай тапқырлықтарының бірнешеуін келтіруге болады. Адамды жайсыздыққа душар ететін бүрге, биттерден тазалану үшін киімдерін шешіп, теріс айналдырып лапылдап жанып тұрған оттың жалынына қарып алып, қағып-сілкіп киетін болған. Айрандай ұйып ауыл, кеңшар болып тұрмыс кешіп жатқан уақытта күннің қатты суығында суықтап қалмау үшін қойдың майын ерітіп мүмкіндігінше ішіп, кейіннен (крем ретінде) аяқ-қолына жағып сылайтын. Тобылғы ағашының майын жағу арқылы бет, аяқ қолдың жарылып кетуінен сақтанған. Сабын орнына қарағайдың күлін пайдаланған. Ал, аналарымыз электр энергиясы тапшы кезде сәбиді бесікке бөлейтін уақытта төсектің тазалығын тексеріп, сіріңкемен қарап шығатын. Соны көргендер әлі күнге дейін бесікті отпен аластайтын болып жүр. Бұл қателік. Ал, құрт-құмырсқа шақпасын деп бесіктің бас жағына үкінің қауырсынын тағып қойды. Бесікті тербеткенде «Лә иләһа илалла, Иллалада пайда бар, Білмеген құлға не айла бар, Шамшырағыңды сайлап ал» деген калима сөздерді өлеңмен өрнектеп тал бесіктен құлағына сіңірген. Сонымен қатар, жинаған астығы мен сойған соғымы бұзылмасын деп салқын құдыққа немесе жертөлеге сақтады. Қарлығаш құсының жерге жақын ұшуынан жауын-шашын болатынын аңғарып, мұржа түтінінен желдің бағытын байқаған. Осындай амалдарына қарағанда жоғарыда Құранда келтірілген аятқа сай табиғатты керемет түрде игере білген. Тағы да мысал алатын болсақ, адыраспан шөбіне қатысты. Бұл шөптің құрамында көптеген пайдалы витаминдер бар. Үй ішіне түтеткен кезде әртүрлі микробтарды жойып жібереді. Тіпті жұқпалы тұмау дертінің тарамауына көп септігін тигізеді. Осындай емдік қасиеті көп болған соң оны халқымыз дәріптеп, жерден жұлып алатын кезде «Ассаламу алайкум адыраспан, бізді сізге жіберген Омар, Оспан» деп дәріптеген. Ал, бұл күнде кейбіреуіміз діни және ұлттық құндылықтарымызды өз дәрежесінде түсінбей, адыраспанды қай жерде, қалай қолдану қажетігін қаперімізден шығарып алдық. Жын-шайтанды қуамыз, аластаймыз деп көк түтінге көміліп жататындар да бар. Сондықтан адыраспанды қолданудың мақсаты үй-ішін «дезинфекциялау» деп түсінгеніміз абзал болар еді. Міне, біз тақырып етіп отырған қазақ халқының тұрмыстағы тіршілігінің бірқатары осындай тағылымы мол істерден құралған. Осындай тіршілікке де, рухани тұрғыда пайдасы бар тәлімді тұстарының бірқатарына ғана тоқталдық. Ендеше, әрбір істі атқаратын кезде не мақсатта орындау қажеттігін қаперімізге алып жүрейік.


Қарағанды қалалық №1-мешітінің наиб имамы Ермахан Оралбай қажы


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары